Қарттарым – асыл қазынам. Сайыс. Тақырыбы: Әжем және мен.

Қарттарым – асыл қазынам.

Сайыс.

Тақырыбы: Әжем және мен.

Мақсаты:1.Жас ұрпақты ата – баба дәстүрімен тәрбиелеу.

2.Ата – анамен байланысты нығайту, оқушыларды жан – жақты  дамыту.

3.Адамгершілікке тәрбиелеу , әже тәрбиесін үлгі ету.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, суреттер.

Әдістері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу, блиц – турнир сұрақтары.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

Сайыстың жүру тәртібімен таныстыру.

  1. Әже мен немерені таныстыру.
  2. Сайыстың шарттары.
  3. Сайысты қорытындылау.

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім : Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Бала – өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің салт – дәстүр, әдет – ғұрпын қалыптастырған. Әже тәрбиесінің бала өмірінде орны ерекше. Әже тәрбиесін көрген бала болашақта ізетті, өнегелі адам болып өсуіне күмән жоқ.

Оқушы : Көріңіздер, келіңіздер!

Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман — есен жүр әжем.

Сайыстың шарттары:

Әжелер сайысы:

1.Сыр сандық

А) Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар.

Ә)Қазақтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрпы.

Б)Той – томалақ рәсімдері.

Сұрақтар:

  1. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
  2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?
  3. Дастарқан басында қандай ескертулер жасайсыз?

4.Қазақ баласын қалай тәрбиелеген?

 

  1. 1. Базарлық деген не?
  2. Сүйінші қай уақытта сұралады?
  3. Тілашар қай кезде жасалады?
  4. Наурыз тойы туралы не айтар едіңіз?

Немерелер сайысы.

  1. Өзін таныстыруы.

2.Білім қымбат, білу қиын.(сұрақтарға жауап беру)

3.Мақал – мәтелдер айтып жарысу.

4.Өтірік өлеңді мәнерлеп оқып беру.

  1. Өнер сайысы.Өз өнерін көрсетеді.

Блиц – турнир сұрақтары:

1.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

2.Қазақстанның астанасы қай қала?

3.Абай Құнанбаев кім?

4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

5.Математикалық сандарға байланысты мақалдар айту.

6.Қазақстанның рәміздерін ата.

7.Әнұранның авторлары кім?

8.Менің елім. (әңгіме айту)

ІІІ Қорыту.

Сайысты қорытындылау. Жеңімпаздарды құттықтау.

Ата – аналарға сөз беру.