В в әрпі мен дыбысы
В в әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың В в әрпімен жаңа буындармен, жаңа
сөздермен таныстыру. Сұрақ – жауап әдісін пайдалана
отырып сөздермен таныстыру. Тыныс белгісі бар
сөздерді дұрыстап оқуға үйрету.
Тәрбиелігі: тазалыққа, адамгершілікке, имандылыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, В дыбысынана келетін сөздер, вагон, витамин,
автобус, вокзал т.б. интерактивті тақта пайдалану.
әдісі: түсіндірмелі сұрақ – жауап әдісі, әңгімелеу әдісі.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: жарыс сабақ, ойын.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
Ұймдастыру кезеңі:
Ойын. «Жыл құстарына көмектесу»
- Балалар, мына жыл құстары қалып қойыпты, кәне қанаттарына күш беріп көмектесіп жіберейік. Сұрақ – жауап алу арқылы, жыл құстарына көмектесеміз, интерактивті тақта арқылы, ойын арқылы жыл құстарын ұшырамыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Х дыбысы. «мектеп асханасы» мәтінін тізбектей оқыту. Түсініктерін сұрау, Х әрпіне байланысты бағандағы сөздерден сөйлемдер құрату.
Жаңа сабақ.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
Сурет бойынша жұмыс, бағандағы сөздерді оқу, түсіндіру. «Алғашқы велосипед қандай болған.?» мәтінді оқып беріп, мағынасын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
В әрпі бар сөздер жазу. Көп нүктенің орнына В әрпін қойып жазу. (осы кезде почта келеді)
— Балалар сендерге Астана қаласынан хат келді.
Мұғалім: Кәне, көрейік, кімнен келді екен?
Почташы: Астана қаласынан. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан келіпті. (оқиды)
№44 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына:
Қымабатты қазақ елінің азаматтары!
Бүгінгі өтіліп жатқан алғашқы ашық с абақтарың құтты болсын! Мен сендердің осы уақытқа дейін оқуды қаншалықты меңгергендеріңді білу мақсатымен бірнеше сұрақтар беремін. Кім жауап бере алса, сол оқушы келешекте Қазақстанның ел басқаратын сенімді азаматы болады. Оқушыларға мына кітаптарды сыйлыққа салып жібердім.
Іске сәт жас достар!
- Рәміздерді ата?
- Батырлар туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
- Қазақстан, Отан туралы қандай ән – тақпақтар білесіңдер?
Ойын.
Себеттерге жидек,көкөніс, жемістер жинау. Жидектер, көкөністер, жемістер шашылады, үш топтың балалары өздеріне тиістілерін тауып, тақтаға қатесіз буынға бөліп жазады.
Қорытындылау.
Мадақтау.
Жұлдызшалармен, шыршалармен бағаланады.
Қай топ жұлдызшаларды көп жинайды, сол топқа сыйлық көп таратылады.
Сыйлыққа кітапшалар беріледі.