Шеңбер және оның элеметтері

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элеметтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңбер ұғымымен, элементтерімен, сызбасымен, белгіленуімен,

диаметрін табу формуласымен таныстырып, есептерін шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, сауаттылыққа, мақсатқа жете білуге,

бірізділікке  және салыстыра білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, теориялық

білімін практика жүзінде қолдана білуге, электрондық оқулықпен

жұмыс жасай білуге, циркульдің көмегімен шеңбер сыза білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Пән аралық байланыс: геометрия, өмірмен байланысы

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндірмелі, практикалық, электрондық оқулықпен

жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, дөңгелек

формалы шаблондар, циркуль, сызғыш, жіп.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құралдарды дайындату, сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Бүгінгі сабақтың мақсаты – шеңбер ұғымымен, оның элементтерімен, сызбасымен, сондай-ақ электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйреніп, есептерін шығаруға,  циркульдің көмегімен берілген шеңберді сызуға дағдыланасыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (электрондық оқулықпен түсіндіремін.)

Анықтама. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын шеңбер дейміз.

Анықтама. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын еесіндіні шеңбердің радиусы деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесіндіні оның хордасы деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды.

Анықтама. Бірдей қасиеті бар нүктелерден тұратын фигураны нүктелердің геометриялық орны деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрышты центрлік бұрыш дейміз.

          ОА радиус. ОА=R. ОВ=R. R – радиус. (оқылуы «эр»)

<АОВ – центрлік бұрыш.

АВ доғасы АВ хордасына сәйкес доға немесе АВ хордасына керілетін доға деп аталады.

АС – диаметр. D=R+R=2R

Диаметрге керілетін доғаны жартышеңбер дейміз.

Шеңберді циркульдің көмегімен сызамыз.

Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркульмен сызғыштың алғашқы пайда болғаны – сызғыш.

Рим ақыны Овидино(Іғ) циркульдің Ежелгі Грекияда жасалғанын айтқан.

I V. Жаңа сабақты бекіту. (есептер шығару)

  1. Электрондық оқулықпен жұмыс. Шеңбер тақырыбына берілген есептерді шешу.

 

 

 

  1. Оқулықпен жұмыс.
  2. Жаңа сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

 

VІ. Үйге тапсырма. § 16 оқу. №232 есеп 75 бет.  Реферат жазу