Септіктерді қайталау
Сабақтың тақырыбы : Септіктерді қайталау
Сабақтың мақсаты :
Білімділік:Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау,тұрақтандыру,сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық:тілдік қорларын байыту,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа,ізденпаздыққа баули отырып жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер.
Ι.Сабақтың барысы:
ІΙ.Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
ΙΙΙ.Үй тапсырмасын тексеру
Әр оқушы «білім пердесі»атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.
Оқушылар өздерінің аты жөнінін жазып шығады.
Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді.
Ертегі :
«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті . Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» -деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?»-дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? -деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Слайд 4
V.Тірек-сызбамен жұмыс.
Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
VΙ.Жұппен жұмыс Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі : Атау, ілік, барыс табыс жатыс шығыс , көмектес ,атау , ілік барыс .Әр жұп берілген атау бойынша екі сөйлемнен құрайды.
Әр жұп жазған сөздерін оқиды, біліім парақшасына бағаларын қояды.
VII.«Адасқан жалғаулар».
Дәулет балықты қармақпен аулады.Аппа қар жамылған далада қызыл түлкі зытып барады.Біз сабақтан кейін бірге ойнаймыз.Жанат дүкенге барды.
VΙΙΙ.Өздік жұмыс.Дәптерлермен ауысу.
Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады. Онда жеті септіктің аты жазылған. Интерактивті тақтада сөздер берілген, оқушылар сол септікте жазылған сөздерді теріп, дәптерлеріне көшіріп жазады.
Сөздер:
Суретшінің, ата, еңбекпен, даланы, кірпіштен, жылқыға, қалада, қағазбен, аспанда, Арайдан, қонақты, әншіні, ағаш, дүкенге, өсімдіктің, гүлдер, отқа, досыммен, адамның, темірден, үстелде.
Ереже
Туелдеулі зат есімдердің септелуінде ерекшеліктер болады:1,2 жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте а,е жалғаулары жалғанады.
3 жақ тәуелдеулі зат есімдер септелгенде төмендегі септіктер мынадай септік жалғауларын жалғайды:
Б.с- на,не
Т.с-н
Ж:с-нда,нде
Білім парақшасына бағаларын қояды.
ΙX.Оқулықпен жұмыс.105 бет,4- жаттығу
- Өзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру )
1- нұсқа:
- Берілген сөздер қай сөз табына жатады?
Алма,парта, терезе, оқушы, доп, ана.
А) сын есім Б) сан есім Т) зат есім
- Көмектес септігінде тұрған сөзді тап.
А) машинамен Ә) пышақты Б) жайлауға
- Зат есімнің сұрақтарын көрсет.
А) қанша? неше? Б) кім? не? С) не істеді? не қылды? қайтті?
- Шығыс септігінде тұрған сөзді көрсет.
А) сабақта Г) сабаққа Ы) сабақтан
- Жатыс септігінде тұрған сөзді тап.
П) қарлығаштың Р) баламен С) оқушыда
2- нұсқа:
- Зат есімнің сұрақтарын көрсет.
А) қанша? неше? Ә) не істеді? не қылды? Б) кім? не?
- Табыс септігінде тұрған сөзді көрсет.
А) дәрігерді Б) дәрігермен В) дәрігерге
- Барыс септігінде тұрған сөзді тап.
К) ағаштың Қ) адамға Л) халықтан
- Ілік септігінде түрған сөзді тап.
О) шеңберге И) шеңберден Ы) шеңбердің
- Берілген сөздер қай сөз табына жатады?
Бала, шеңбер, құс, күйші, балға.
Т) зат есім Б) сын есім С) сан есім
X.Корытынды.
— Сонымен балалар, сабағымызды қорытындылай келе, тест тапсырмаларын орындағанда қандай сөздер шықты?
1- нұсқада « Табыс» сөзі, ал 2- нұсқада «Бақыт» сөзі шықты.
XΙ.Семантикалық картамен жұмыс.
Сабақты қортындылау:Сонымен балалар,септіктерді толық меңгердік деп ойлаймын.оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің,тапқырлықтарың,алғырлықтарың дәлел болды.Атаның берген тапсырмаларын дұрыс орындадық.септік атаның көңіл- күйін көтердік.
Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.
Үиге тапсырма:ережелерді қайталау,төрт сөйлем құрастырып,септік жалғауларын табу.