Өсімдіктерді қорғау- адамдардың міндеті.

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді қорғау- адамдардың міндеті.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге қамқорлық жасау, қорғау жайлы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.
2. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой — өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл — ойын дамыту
3. Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат,  слайд, гүлдер
Сабақтың түрі: Таным сабақ
Пәнаралық байланыс: Өзін — өзі тану пәні.

Барысы:

І. Шатық шеңбері

— балалар қол ұстасып бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

— үстел үстінде тұрған суреттер арқылы топқа бөліну.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Кубизм стратегиясы, кубикты лақтырамын, балалар түскен сұраққа жауап береді.
1. Өсімдік топтарын анықта.
2. Өсімдік өсу үшін не қажет?
Ағаштар, бұталар, шөптер, су өсімдіктері..
Өсімдік өсу үшін ауа, жылу, жарық, қорек қажет.

  1. Өсімдіктердің жабайы және мәдени өсімдік деп аталатын себебі неде?

Жабайы өсімдіктер өздігімен өседі. Ал мәдени өсімдіктерді адам өзі өсіреді. Оларға егістікте, бау — бақшада өсетін өсімдіктер жатады.
4.Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?

Өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.
5. Өсімдіктер қай жерлерде өседі?

Өсімдіктер далада, тауда, шалғында, суда өседі.
Әр балаланы жапонша бағалау.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, өсімдік туралы жақсы меңгеріпсіңдер.

III. Жаңа сабақ.
1. Мұғалімнің түсіндірмесі
Өсімдік — тіршілік тірегі.  Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.Сондықтан да біз өсімдіктерді не істеуіміз керек? (Қорғау керек)

Әр топтың алдына «Қорғау» деп жазылған плакат беріледі. Балалар қалай қорғау керек екендігін жазады. Бірінші болған топ қолдарын соғады. Әр топ жазған жұмыстарын оқып, іледі.

 

 

ІҮ. Сергіту сәті                                         

Ү. Оқулықпен жұмыс

Тізбектей оқу.

ҮІ. Дәрілік өсімдіктер. Слайд

«Кім жүйрік?» ойыны.

        — Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек – дегендей, енді, сендермен «Кім жүйрік» ойынын ойнайық.

(оқушыларға гүлдің суретін қиып, жапсырту)

Жапсырып болған балалар қағаз бетіне жапсырады.

ҮІІ. Қорытындылау.

Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.
— Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)
— Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)
— Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)
— Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)
— Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)
— Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)
— Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 68-69 бет әңгімелеу, мазмұндау.