Отбасы
Сабақтын тақырыбы: Отбасы
Сабақтын мақсаты :
Білімділігі:оқушыларға өз отбасы мүшелері туралы әңгімелету,олардың отбасындағы өз орны туралы толық мағұлмат беру.
Дамытушылығы:жаңа мағынаны танып білуі арқылы «Отбасы» тақырыбының мағынасын өздері ашуға,ойларын ашық айтуға,жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелігі:оқушыларды үлкенге ізет,кішіге қамқор болуға,инабаттылық пен адамгершілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:сызбалар,суреттер,слайдтар,топтық жұмыстар.
Әдісі:ойтолғау,ой шақыру,ашық пікір,сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Психологиялық дайындық оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
ІІІ.Үй жұмысын тексеру.«Бәйге» ойыны 10 30 20
40 50 60
1.Жануарлардың табиғаттағы маңызы.
2.Құстардың табиғаттағы маңызы.
3.Жыртқыш аңдардың,суда тіршілік ететіндердің табиғатқа пайдасы.
4.Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
5.Өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап, қорғайтын халықтық салт-дәстүр.
6.Мемлекеттік қорықтар,олардың қызметі туралы айту.
ІV.Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
Жұмбақ шешу:
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгемейді еш одан
Бәрі де өз жұртың
Айтады,кәне кім атын?
(Ата,Ана,Апа,Аға,Іні).
-Осы кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
Отбасы.Жанұя.Семья.
Туыс-ата-әже-аға-іні-қарындас.
Отбасы туралы не білеміз?
V.Мағынаны тану.Кітаппен жұмыс (оқу).
1.Отбасын кімдер құрайды?
(ата,ана,апа,әке,қарындас,сіңлі,іні)
2.Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?
(қарыңдас,әпке,сіңлі,аға,іні)
3.Отбасындағы адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?
(көмекші,жәрдемші,қамқоршы)
4.Өз отбасың туралы айт.
VІ.Тірек сөздер арқылы сөйлем құрау.
VІІ.Мақалдың екінші жолын табу.
1.Баланың ұяты әкеге,
(Қыздың ұяты шешеге)
2.Бірлік болмай,
(Тірлік болмас)
3.Әке-асқар тау,
(Ана-ағып жатқан бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ)
VІІІ.Көрініс.«Жиренше бидің сыны».
(Жиренше төрде отырады.Екі жігіт кіріп келеді).
Жігіттер.Ассалаумағалейкум,би аға!
Жиренше.Уағалейкумассалам,жол болсын,жігіттер.
Бірінші жігіт.Би аға,біз сізге салем беруге,өзімізді сынауға келіп едік.
Жиренше.Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.
Тәттіде не тәтті?
Қаттыда не қатты?
Жұмсақта не жұмсақ?
Бірінші жігіт.
Тәттіде бал тәтті,
Қаттыда тас қатты
Жұмсақта мамық жұмсақ .
Жиренше.Ай балам-ай!Таппадың.Ал енді,сен жауап беріп көрші.
Екінші жігіт.
Тәттіде ананың сүті тәтті,
Қаттыда атаның жүрегі қатты,
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ .
Жиренше:Өзің болайын деп тұрған бала екенсің.Жарайсың,балам!
-Ал,балалар,«кім жақын,не қымбат» екенін кім біледі?(оқушылар жауабы)
Сабақты бекіту: «Кім тапқыр?»ойыны.
1.Отбасы туралы мақал айт.
2.Ана туралы өлең оқы.
3.Жігіттің неше жұрты бар?
4.Әке туралы өлең оқы.
5.Жеті атаны ата.
6.Анаңның туысқандары саған кім борлады?
Ана деген сөзді де,
Аға деген сөзді де,
Әке деген сөзді де,
Әпке деген сөзді де,
Апа деген сөзді де
Бәрі:Ойлап тапқан балалар.
Күнім,жаным дегенді,
Құлыншағым дегенді,
Ботақаным дегенді,
Толғанайым дегенді
Бәрі:Ойлап тапқан аналар.
1.Анаң-күнің,жүрегін
Әкең-өмір тірегің
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын.
2.Әжең-асыл ардағың
Атаң-дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын.
3.Ағаң-қамқор асқардың,
Інің мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың
Саған бәрі қуансын.
4.Қарындасың-қанатың,
Ел Оаның жанатың.
Сен бақытты ұлансың
Саған бәрі қуансын.
ІХ.Үйге тапсырма беру: «Отбасы-шағын мемлекет» тақырыбында шығарма жазу.
Х.Оқушыларды бағалау. ызы