Отбасы мүшелері және олардың міндеттері
Сабақ жоспары | Уақыты | |
Сыныбы: | 2 сынып | |
Пәні: | Дүниетану | |
Сабақтың тақырыбы: | Отбасы мүшелері және олардың міндеттері | |
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
| Оқушыларға «отбасы» түсінігінқалыптастыру, Отбасыдегенкелешекұрпақтыжалғастыратынболашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру.Отбасымүшелерінің міндеттеріменөзарақарым- қатынасыжайлыәңгімелеуарқылы түсіндіру. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін білгізу.Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын,шеберліктерін қалыптастыру.
| |
Дамытушылық:
| Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.
| |
Тәрбиелік:
| Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққатәрбиелеу. Оқушылардыңбойынаата-анағадегенсүйіспеншілікті, құрметсезімінояту, адалдапарасаттыұлменқызтәрбиелеу.
| |
Сабақтың түрі: | Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
| |
Сабақтың типі: | Дәстүрлі емес
| |
Сабақтың әдістері: | көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс , әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру.
| |
Сабақтың көрнекілігі: | Интерактивті тақта, көркем суреттер,үлестірмелі материалдар,
| |
Оқыту технологиясы: | Ақпараттық -коммуникативтік технологиясы.
| |
Пәнаралық байланыс: | Математика, музыка, анатілі, бейнелеу өнері.
| |
Сабақ барысы: | I.Ұйымдастырукезеңі. А) Психологиялық дайындық Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен – Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз. Ә) кезекші рапорты (кезекші сыныпты түгендеп, үй тапсырмасы қандай болғанын айтады)
| 2 мин
1 мин |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Жануарлар мен өсімдіктердің қызыл кітабы» Қызыл кітап дегеніміз не? Мен ата заңды неге сендерге көрсетіп отырмын? Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерден білетінің бар ма?
| 5 мин | |
ІІІ. Жаңа тақырып Кіріспе А) Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шығу «Отбасы» осы сөзді қалай түсінесіңдер? (ата-әже, әке-ана,аға-іні, апа –сіңлі- олар кімдер? Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?
Ә) Суретпен жұмыс, өлеңнің мағынасын ашу Суретті және өлеңді түсіндір. Қандай отбасы деп ойлайсың? Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасыата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
|
3 мин
3 мин | |
Негізгі А) Оқулықпен жұмыс (73-74 бет) Ең алдымен мәтіннің тақырыбына көңіл аудар. Мүшелері, міндет дегенді қалайтүсінесің? Ә) мәтінді түйіндеу (сұрақ- жауап арқылы) Сонымен, отбасы дегеніміз не? Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары Ата-ана міндеттері туралы не айтасыңдар? Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. Отбасын қорғау. «Батыр ана» қалай түсінесің? Көп баланыдүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз. Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «алтын алқа» беріледі. Б) « менің отбасым»өз отбасы жайлы әңгіме Оқушылардың өз отбасылары жайлы әңгімелеу | 5 мин
3 мин 5 мин | |
Сергіту сәті «Үйде біз нешеуміз?» санамақ Кел,санайықекеуміз. Бас бармағым–атам. Балаңүйрек-әжем. Ортан терек –әкем. Шылдыр шүмек–анам. Кішкене бөбек- сен. Бірүйде бізнешеуміз? Бір үйдебесеуміз. Жұдырықтай жұмылған Тату тәтті бәріміз Бір үйде тұрамыз. | 2 мин | |
Шығармашылық тапсырма
«Отбасындағы менің міндеттерім» (сурет, өлең, шығарма) Әр бала өзінің мектепте немесе отбасындағы міндетін қалауы бойынша белгілі бір формада көрсетеді. Мыс: оқушының міндеттері: 1. Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға; 2. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; 3. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; 4. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; 5. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; 6. Тарихи ескерткіштерді қорғауға; 7. Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; 8. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; 9. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; 10. Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
| 5 мин | |
Қорытынды: «Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру)(музыка қосып қою) Мыс: мынау менің отбасымның ағашы.Бұл ағаш әлі де жалғасып келеді. Әр бала берілген ағаш суретіне отбасында бірге тұратын туыстарды атап, жабыстыру керек | 5 мин | |
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау «Ананың қолы-Алтын» шағын шығарма жазу | 2 мин | |
Бағалау (оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты) | 1 мин | |
«Жүректен жұрекке» тілек білдіру Анаң-күнің жүрегің, Әкең — өмір тірегің Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын. Әжең-асыл ардағың, Атаң – дана қорғаның, Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын. Ағаң- қамқор асқарың, Інің –мөлдір аспаның, Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
|