Отбасы – шағын қоғам
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам
Сабақтың мақсаты: Отбасының қоғамдағы орнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері: Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін түсіндіруді жалғастыру.
Дамытушылығы: Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып, іс-әрекеттері үшін жауап беру туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясы Отбасы жайлы жазылған ән. Отбасы суреті.
Түрі: аралас сабақ
Типі: Жаңа сабақ
Әдісі : Әңгімелесу. Сұрақ – жауап.
Пән аралық байланыс: өзін –өзі тану , әдебиеттік оқу, бейнелеу
Күтілетін нәтиже: отбасы шағын қоғам екенін біледі Неке құжаты туралы түсінеді Отбасылық міндеттерді ұғыдыру.
Барысы: І Ұйымдастыру.
(Шаттық шеңберін құру)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ (Өлең оқу)
Қызығушылықты ояту
1.Қазақстан Республикасының несі бар? (басқарушы халқы)
2.Отбасы қандай қоғам дейміз? (шағын)
3.Отбасында кім басшы? (Әке,ана)
- Басшы отбасында қандай жұмыстар атқарады? (барлық жұмыстарды ұйымдастырады)
5.Отбасының белгілі несі болады? (мекен-жайы, шаруасы)
6.Отбасы мүшелерін ата (ата, әже, әке, ана, ұл, қыз)
7.Отбасы мүшелері өз мүмкіндікінше қандай жұмыстар атқарады?(оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады?)
- Отбасы туған-туыстарымен арасында қалай араласады? (қарым-қатынас, аман- саулықтарын сұрасады)
- Қарым-қатынас түрлерін ата? (қонаққа шақыру, тойға шақыру, ауырып сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке толғанда үйлендіру)
Мағынаны тану: Отбасы шағын қоғам екендігін түсіндіру, мағлұмат беру.(мәтінді оқу)
Мақал-мәтелдер жалғасын тап
- Отан (отбасынан басталады)
2.Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса –(ас көп)
3.Ағасы бардың жағасы бар , (інісі бардың тынысы бар)
4.Әке көрген оқ жонар, (шеше көрген тон пішер)
5.Әкеге қарап ұл өсер ,(анаға қарап қыз өсер)
6.Әке- асқар тау ,ана –ағып жатқан бұлақ ,бала- жағасындағы құрақ.
Отбасы құрамын топтастыру.
Отбасы | |
Ата ,әке
Ана
Әже
Ой толғаныс Топпен жұмыс
І топ 1.Ананың туысқандары сендерге (нағашы)
2.Сен оларға (жиен)
3.Ана деген кім?(ана тәрбие беруші, ұл-қыз өсіруші)
4.Қыз деген кім?(қыз ертеңгі ана,ананың көмекшісі)
ІІ топ 1.Атаңа сен кім боласың?(немере)
2.Неге сендер немере дейсіңдер?(баласынан туғасын)
- Әке деген кім?(отбасы тірегі, асыраушы)
4.Ұл деген кім?(ұл ұрпақ жалғастырушы,әке көмекшісі)
ІІІ топ 1.Әкенің шешесі саған кім болады?(әже)
2.Әкенің әкесі(ата)
3.Сенен кейінгі туысың(іні, қарындас)
4.Сенен үлкен туысың(аға, апа)
5.Сені дүниеге әкелген жан(ана)
Шығармашылық жұмыс Менің отбасым тақырыбына сурет салу
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Отбасы тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.
Бағалау (топпен)
«Жүрек жылуы» шеңбер, Жұлдызшалар тарату
(Олай болса, бәріміз отырып, бата беру) Біз бәріңізді жақсы көреміз, Отбасымыз аман болсын, Әумин!
Мадақтау. Сабақ аяқталды.