«Ана көрген тон пішер» сайыс 4 сыныптар арасында
Сабақтың тақырыбы: «Ана көрген тон пішер» сайыс 4 сыныптар арасында
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік, ептілік жан-жақты ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
- Оқушылардың санасында өз халқының өз Отанының азаматы деген қасиетті ұғымның қалыптасуына көмектесу.
Көрнекілігі: Ана туралы асыл сөздер тақырыбы «Ана өмір шуағы» газеті.
Құрметті қауым!
Сіздер «Ана көрген тон пішер» сайысына қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Береке де осында
Мереке де осында
Болып жатыр той-думан
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын
Ал қанекей сайыскерлер
Бастап асыл өнерді алыстарға самғаңдар!
Құрметті көрермен қауым!
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
- «Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер» — дегендей бірінші бөлімде сайыскерлеріміз көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
Әділ қазылар алқасы сайыскерлердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
Ән: «Асыл әжем»
- Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер қадірменді сайыскерлер,
Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге
Екінші бөлімде сайыскерлер өз өнерін ортаға салады. (Анасы мен қыз бала)
Әділ қазылар алқасы сайыскерлердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
Ән: «Анашаым»
- Үшінші бөлімде сайыскерлеріміз
«Ас — әзірлеу рәсімі»
Салат дайындау түсіндіреді.
Әділ қазылар алқасы сайыскерлердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
Ән: «Ана». Хор.
- Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім
Ата-салтын бабамның
Алып келді осы күн
Төртінші бөлімде сайыскерлеріміз киімнің жыртылған жерін жамаудың түрлерін көрсетеді. (Торлап, кестелеп көктеп)
Сайыскерлеріміз киімнің жыртығын жамайды.
Ән: «Түркістан»
- Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі
Көңілді шат сезімге баурайды
Халқымыздың бүгінгі мен өткені
Ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру.
- Байғазы және Көрімдік салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз айырмашылығы неде?
- Жасау және енші салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
- Иткөйлек және Қырқынан шығару ғұрып-салттарының мағынасын түсіндіріңіз?
- Тәбәрік және Ерулік ғұрып-салттарының мағынасын түсіндіріңіз.
Сайскерлер жауап береді.
Әділ қазылар алқасы сайыскерлердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
Ән: «Анаға тілек».
Әділ қазыларға сөз кезегін береміз.
Ойлы қызы халқымның
Отаным деп тұрады
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады
Қанаттанса балапан
Қалайынша ұшпайды
Әрбір қыз, әр балапан
Мамасына ұқсайды.
Ән: «Айналайын ақ мамам».