Тығыз тау жыныстары

Тығыз тау жыныстары. Өтеш Ұлбосын Әмзебекқызы. Шымкент қаласы №50 А.Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

 

Сабақтың тақырыбы: Тығыз тау жыныстары

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Тығыз тау жыныстары жайында түсіндіру, оның түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғыну.

2) Дамытушылық: Өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығар-машылық ізденістерін арттыруға дағдыландыру.

3) Тәрбиелік: Елін, жерін, сүюге, ел болашағын ойлайтын азамат болуға тәр-биелеу.

Көрнекілігі: Тығыз тау жыныстары, кестелер, суреттер, карта.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқулық, дәптерлерін алғызу.
  • Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Тау жыныстары қандай түрлерге бөлінеді?
  • Өткен сабақты қорытындылау.

Мұнай – майлы қоймалжың, сұйық зат. Ол көбінесе қошқыл қоңыр, қара көк, кейде қызғылт, сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Мұнайдың иісі кәдімгі өздеріңе таныс жермайдың (керосин) иісіндей болады.

Мұнай жанғанда қызуды көп береді. Ол күл қалдырмай, түгел жанып кетеді. Көмір сияқты, мұнай да түрлі ағзалардың қалдықтарынан пайда болған. Мұндай қалдықтар әсіресе теңіздер мен мұхиттарда өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктер-дің шірінділерінен жиналып түзіледі. Мұнайды арнайы пеште қыздыру нәтиже-сінде одан бензин, жермай, т.б. бағалы заттар бөлініп алынады.

Мұнайдан ең алдымен жанатын газ, бензин және жермай бөлінеді. Ең таза бензин ұшаққа пайдаланады. Жермай реактивтік ұшақтарға, тракторларға, үй тұрмысы қажетіне жұмсалады.

Газ. Мұнаймен қоса жер астынан жанғыш газ шығады. Мұнайдың ілеспе газы кейде тіпті өте көп мөлшерде кездеседі. Оны мұнай газ кен орны деп атайды. Осымен бірге жанғыш газ жер қойнауында өз алдына бөлек топталып, газ кен орнын түзеді.

Мұнай сияқты табиғи газда отын және химиялық шикізат ретінде пайдала-нылады. Елімізде мұнай мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі өтебай. Соңғы жылдары Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен мұнайдың аса мол қоры табылады.

Мұнай кен орындары картада мұнара түріндегі шартты белгімен белгіленеді. Қара түсті мұнара – мұнайды, ақ түсті – газды көрсетеді.

ІІІ. Жаңа сабақ: Тығыз тау жыныстары

Тығыз тау жыныстарына гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір, әктас, ас тұзы, шөгінді жыныс және басқалары жатады. Осылармен шетінен танысайық.

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны ашу:

1) Гранит – қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбінесе жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады.

Гранит қазақша «түйіршікті» деген сөз. Оның бір кесегін алып қарасаңдар, шынында да көптеген түйіршектерден тұратынын байқайсыңдар. Гранит күннің, судың, желдің әсеріне өте төзімді. Сондықтан оны үйдің іргетасын, көпір тірегіш, ескерткіштер жасауға пайдаланады. Әшекейлік мақсатқа пайдалану үшін гранит-тің бетін әбден тегістеп, жылтыратады.

2) Құмтас. Кәдімгі қайрақты қолыңа алып қара. Егер көп қолданылғаннан жылтырап кеткен болса, сындырып көр. Оның ұп-ұсақ құм қиыршықтарынан тұратынын байқау қиынға соқпайды. Оның «құмтас» деген аты да осыдан шық-қан.

Бірыңғай құрғақ құм сусып, бір-біріне жұғыспайды. Егер саз, гипс, әктас ерітіндісі араласса, құм түйіршіктері бірігіп қатады.

Құмтастың түсі әр түрлі: ақ, сары, қоңыр, қызыл болады. Құмтас құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге диірмен тасы, қайрақ ретінде де қолданылады.

Құмтас — өте кең таралған тау жынысы. Ол Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі.

Әр топтан бір оқушы жазғандары туралы оқып шығады.

3) Әктас – біздің күнделікті өмірімізде өте жиі кездеседі. Әктастың үш түрі бар: бор, кәдімгі әктас және мрамор. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыра-тылады.

Бор — әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп-оңай опыра аласыз. Үгілгіш, түсі ақ. Бормен тақтаға жазамыз. Одан үй ақтайтын әк алынады.

Кәдімгі әктас бордан қатты. Ақсұрғылт немесе сарғыш түсі болады. Әктастан күйдіру жолымен әк алынады. Оған саз қосу арқылы цементтің кейбір түрлері өндіріледі. Әкке құмның өте сапалы түрін қосып, ақ кірпіш дайындайды. Ондай кірпіш өте берік, күйдіруді қажет етпейді.

4) Мәрмәр – әктастың ең қатты және тығыз түрі. Түсі әртүрлі келеді. Ақ, қызғылт, сұр, тіпті қаралары да кездеседі.

Мәрмәр оңай өңделеді. Ол үйлерді әшекейлеуге көп жұмсалады. Одан театр, мәдениет сарайы және басқа да ғимараттардың ішкі қабырғасы, әсем бағаналары, баспалдағы жасалады. Онымен хирургтың мүлтіксіз тазалықты қажет ететін операция бөлмесінің қабырғалары мен үстелдері қапталады. Аурухананың ванна-сы мен қол жуғышының тақтасы қаланады. Осылармен қатар, ежелгі заманнан бері осы әдемі тастан ескерткіш бейнелері жасалып келеді.

5) Тұз. Пайдалы қазбалардың ең көп таралғаны – тұз. Тұз дегендебіз әдетте ас тұзын түсінеміз. Ас тұзын тұзды көлдерден өндіреді. Көл суы жаздың аптап ыстығында көп буланады да, еріген тұз түбіне шөге береді. Оны өндіру үшін тұз сорғыш машина қолданылады. Мұндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғыш сорабы  болады. Әрбір адам тамағына күніне 20 грамм шамасында ас тұзы жұм-салады. Тұздан сода, хлор және басқа заттар алынады.

Тұздың бұдан басқа түрі бар. Олардың біразын дәрі ретінде пайдаланамыз. Кейбіреулері, мысалыға калий тұзы топырақты тыңайтуға жұмсалады.

Қазақстан жерінде тұздың кез-келген түрінің мол қоры бар.

6) Тас. Шөгінді жыныс.

Жер қабатын құраушы тау жыныстары бірін-бірі үлкен салмақпен басып жатады. Түрлі ерітінділер араласып бір-бірімен байланысқан құм түйіршіктері ауыр салмақтың әсерімен тығыздалады. Сөйтіп, олар қатты тасқа айналады.

Сендер адамдардың үйді қалай салатынын талай бақылаған боларсыңдар. Ең алдымен ірге тасы құйылады. Оған бетон мен тас керек. Сонымен үй, зауыт, фаб-рика т.б. құрылыстар салу үшін орасан көп мөлшерде тас жұмсалады. Тас жерден қазып алынады. Тасты өзен,көл, теңіз, мұхиттардың түбінен, беткейлерінен кез-дестіруге болады. Тығыз тау жыныстары тастар үгілсе, майда тау жыныстарына айналады.

7) Тас көмір – қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында таскөмірдің үш түрі кездеседі. Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит. Ол шымқай қара түсті, ұстағанда қолға жұқпайды, әрі металл сияқты жылтырап тұрады. Ол жылуды өте көп береді. Қызуы күшті болғандықтан металл қорытуға жұмсалады.

Кәдімгі тас көмір де қара түсті, ол бірақ антроциттей жалт-жұлт етіп тұрмайды, қызуы да аз болады.

Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды, солғын қоңыр түсті, жылуды аз береді. Оңай үгітіледі. Бықсып жанады, жаққанда күл көп қалады.

Біздің еліміздегі тас көмірдің басты кен орны – Қарағанды және Екібастұз. Қарағанды кен орнын 1833 жылы Апақ Байжанов деген шопан ашқан. Қарағанды көмірі 1856 жылдан бастап өндіріле бастады. Көмірді екі түрлі әлдіспен: шахта-лық және ашық қазып алу әдіспен өндіреді.

Екібастұз көмірі жер бетіне жақынжатқандықтан ашық қазып алу әдісімен өндіріледі. Ол өте арзанға түседі. Қоңыр көмір Торғай алабынан, Оңтүстік Қазақстандағы Ленгір қаласынан табылған. Қазақстан жеріндегі тас көмір мен қоңыр көмір кен орындарының жалпы саны 400-ден асады. Тас көмір әдетте жердің терең қойнауында жатады. Оны өндіру үшін шахта орнатады. Шахтада жұмыс істейтін адамдарды шахтер деп атайды. Тас көмір жатқан алаң тас көмір бассейні деп аталады. Тас көмірден бояу, дәрі-дәрмек, пластмасса және т.б. көптеген пайдалы заттар алынады.

  1. IV. Жаңа сабақты пысықтау.

1) Ас тұзының қасиеттері қандай?

— Түссіз, мөлдір түйіршіктерден тұрады, суда тез ериді, дәмі ащы.

2) Тас көмірдің негізгі қасиеттері қандай?

— Қатты, қара түсті, қызуы бар.

3) Тас көмірдің ең сапалы түрі не деп аталады?

— Антрацит.

4) Көмір өндірудің қандай екі әдісі бар?

— Шахталық және ашық қазып алу әдісі.

5) Айтылған тау жыныстары қандай тау жыныстарының тобына жата-ды?

— Тығыз тау жыныстары.

Дәптермен жұмыс

«Топтастыру»

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар осы айтылған пайдалы қазбаның бәрі біздің елімізде өндіріледі.

Шығармашылық жұмыс

«Менің елім – бай ел»

І-топ Назерке.

ІІ-топ Шәмші.

ІІІ-топ Әсет.

Тақырыбында жазған шығармаларын оқып береді.

— Міне балалар, осы айтылған тау жыныстары, пайдалы қазбалар біздің елі-мізде, жерімізден өндіріледі екен. Осы байлықтың иесі сендерсіңдер. Қазақстанды көркейтіп, әлемге танытатын сендерсіңдер.

— Сабаққа қатысқандарыңа рахмет.

  1. Сабақты қорыту.

а) Бағалау

б) Үйге тапсырма. Тығыз таужыныстары. 60-62 бет оқу.