Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу,көбейту алгоритімін бекіту

Тақырыбы:   Өткенді пысықтау.

 Мақсаты: 

  1. Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу,көбейту алгоритімін бекіту;
  2. Әрбір өткен шама бірліктерінің арақатынасы туралы білімдерін жетілдіру,ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
  3. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа,өзара көмек және ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  түсіндіру , сұрақ-жауап,  жинақтау.

Пән аралық байланыс:   еңбекке баулу, күнделікті өмірмен

Көнекіліктер және ТҚЖ:  теледидар,  кестелер, оқулық, дидактикалық материалдар

Қолданылатын технологиялар:  қазіргі дәстүрлі

Сабақтың типы: пысықтау сабақ

Сабақтың өту әдісі: 

                                       Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                                                                     а) Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Сергіту сәті.

VІ. Бекіту.

VІІ.Сабақты қорыту. Рефлексия.Үй тапсырмасы. Бағалау.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Мен бақытты баламын,

Оқып дана боламын.

Әрқашанда би билеп,

Жұлдыздай боп жанамын

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

23 – бет  № 4

ІІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.  

Тестік сұрақтар

  1. 120-х= 45 теңдеуіндегі белгісіз әріптің мәнін тап.

 

х=165              х= 75                х= 85

 

  1. 639 саны   9 – дан  неше  есе  артық ?

 

71 есе             701 есе              70 есе

 

  1. 777 мен 1 сандарының бөліндісін 77 – ге кеміткенде қандай сан шығады  ?

 

707                  77                     700

 

  1. 6009  х  34  өрнектің мәні нешеге тең ?

 

70887             27006                204306

 

ІY.  Жаңа сабақ.

«Компьютер» дидактикалық ойыны түріндегі ауызша есептеу.

Ойынның мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.

Мысалдар тізбегін мұғалім оқиды, оқушылар ауызша санайды да, дауыстап жауап береді, міндетті түрде тексеру орындалады.

  1. 200 * 24000 : 10 000 Жауабы: 480
  2. 72 000 : 900 * 5 000 Жауабы: 400 000
  3. 96300 : 300 * 8 000 Жауабы: 2 568 000

-«Компьютер » не істеді? (Есептеді, амалдарды орындады). Қандай амалдарды орындады?

—  Көп таңбалы сандарды көбейту, бөлу амалдарын орындады.

— Біз бүгін қандай тақырыпты пысықтаймыз ?  

— Көп таңбалы сандарды көбейту, бөлу амалдарын пысықтаймыз және өткен қашықтық, уақыт, жылдамдық материалдарын қайталаймыз.

  1. Оқулықпен жұмыс.

№ 1  тапсырма ауызша орындалады.

5-ке, 10-ға, 5-ке де 10-ға да, 2-ге де  бөлінетін сандарды табу.

Жауаптары:  

5-ке бөлінетін сандар:  5; 10; 70; 745;  195; 480; 370; 9560; 300   

10-ға бөлінетін сандар:  10; 70; 480; 370; 9560; 300

5-ке де 10-ға да бөлінетін сандар:  5; 10; 480;  370; 9560; 300

2-ге бөлінетін сандар:  2; 10; 70; 480; 370; 9560; 300; 232; 984

№ 2  тапсырмада оқушылар дәптермен және кезектесіп отыра тақтамен жұмыс жасайды.

 

а)   30660 : 42 = 73          221130 : 630 = 351                        430500 : 3500 = 123

25200 : 560 = 45        132300 : 540 = 245                        993300 : 4300 = 231

№  3 тапсырма ауызша орындалады.

  • Сызба бойынша өрнектер құрастырып амалдардың орындалу ретін көрсетеміз.

32 * 23 +  1000 – 140 — 695 : 5 – 7389 : 3 : 3 = 914

  1. Сергіту сәті.

       Бейне ролик: «Қамажай»

  1. Логикалық тапсырма.

Самат күшігінің салмағы қанша екенін білгісі келеді. Алдымен ол өзі өлшенді де  таразының 47 кг көрсеткенін көрді. Содан кейін күшігін қолына алып, таразыға тұрды да, ол 52 кг көрсеткенін көрді. Күшіктің салмағы қанша?

Жауабы:  52кг – 47кг = 5кг

  1. Оқулықпен жұмыс.

№  4 тапсырмада бөлінгішті тауып, есептеп, дұрыстығын тексеру.

Есептеу:         80 * 60 + 53 = 4853 (бөлінгіш)     50 * 29 + 15 = 1465(бөлінгіш)

Дұрыстығын тексеру: 4853 : 80 = 60 (53 қалд.)     1465 : 50 = 29 (15қалд.)

№  5 тапсырма ауызша орындалады.

  • Есептемей – ақ салыстыруға бола ма ?

5604   21*  84504

9804 – 703 * 8804 – 603

284208 : 24 * 284208 : 48

№  6 тапсырма бойынша қашықтық, уақыт, жылдамдыққа  байланысты өрнектер құрастырып жазу.

а)  160км  : 8сағ = 20км/сағ

ә)  320км : 20км/сағ = 16сағ

б)  80км/сағ – 60км/сағ = 20км/сағ ( жақындау жылдамдығы )

в)  1. 80км/сағ + 60км/сағ = 140 км/сағ

  1. 280км : 140км/сағ = 2сағ.

 

 

№  7 кестедегі мәліметтер мен ә) сызбаны пайдалана отырып, бір-біріне қарама –қарсы бағыттағы қозғалысқа есеп құрастырамыз.

 

       Y
Сұңқар350  км/сағ
Сұр қарлығаш180  км/сағ
Қарлығаш65  км/сағ

 

       Y
Көгершін90  км/сағ
Құр85  км/сағ
Қараторғай81  км/сағ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арақашықтығы  880 км екі елді мекеннен бір-біріне қарама-қарсы бағытта сұңқар ман көгершін ұшып шықты. Сұңқардың жылдамдығы 350км/сағ, ал көгершіннің жылдамдығы 90км/сағ. Құстар неше сағаттан кейін кездеседі ?

Жауабы: 1. 350 км/сағ + 90 км/сағ = 440 км/сағ.

  1. 880 км : 440 км/сағ = 2 сағ.

 

VІ.   Сабақты бекіту.

№  8  тапсырмада оқушыларға дәл осындай үлгіде кестелер таратылып беріледі және оны өзбеттерінше орындап, бір-бірін тексереді.

 

Орындыққа Назым (Н), Тоғжан (Т), Мұрат (М), және Серік (С) бір қыз, бір ұл тәртібімен қалай кезектесіп отыра алады ? Белгілеулерді пайдалана отырып, барлық мүмкін болатын нұсқаларды жазып шық.

 

НМТС
құқұ

 

Т
қ

 

М
ұқұқ

 

С
ұ

 

 

 

Н

 

М

 

С

 

Т

VІІ.   Үй тапсырмасы:   24 бет № 2 а), 25 бет № 7 а)   

VІІ.   Рефлексия.

  • Сабақтың мақсаты қандай ?
  • Сабақта тапсырманы орындай отырып, мақсатымызға жеттік дей аламыз ба ?
  • Сабақта не ұнады ?
  • Сабақта қандай тапсырма қиындық туғызды ?
  • Ең жеңіл қай тапсырма болды ?

VІІІ.   Бағалау.