«Өзен» Ы.Алтынсарин

4-сынып  Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: «Өзен» Ы.Алтынсарин.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:оқушыларға Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқыта отырып,оқу дағдысын                            қалыптастыруБаланың ой-өрісін ,қиялын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өлеңнің мазмұнын түсіне білуге,өлеңдегі жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіріп,мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылылығы: оқушыларды  әдеби шығарманы сүйіп оқуға баулу.Тақырыпқа сай мәселелерге сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік туғызу,дамыту.

Тәрбиелілігі: суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға өзін қоршаған табиғатпен тығыз байланысымыз бар екенін ұғындыру.Табиғат берген байлықты қорғауға, қадірлеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,түсіндіру.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин суреті,интерактивті тақта,ребустар,карта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.

Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша.Ауа-райы қандай? Тамаша. Сабаққа дайынбыз ба? Ия.

Оқушыларды  әр түрлі түстерді таңдау арқылы 3-топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.Білімді жан-жақты сұрау, тексеру.Бөлімге арналған сұрақтар мен тапсырмалар  (Жазбаша орындау,ауызша айтып беру.)

Жаңа материалды игеруге дайындық(« ребус шешу.  «Өзен» өлеңі.

Балалар мына тақтаға зер салып қараңдаршы.1-ден 4-ке дейінгі ұяшық берілген.Сол ұяшықтың артында жасырылған сұрақтар бар.Сол сұраққа жауап берсек ,бүгінгі тақырыпқа байланысты сурет шығады .Әр топтан оқушылар жауап береді.

1-сұрақ. Ы.Алтынсарин кім?

2-сұрақ. Ы.Алтынсарин қай жылы мектеп ашты?   1864 жылы 8-қаңтарда мектеп ашты.

3-сұрақ. Қандай әңгімелерін білесіңдер?

« Таза бұлақ,»Әке мен бала»,  «Ананың сүті», Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш», «Асан мен Үсен»                  Өсиет», «Екі шыбын», «Баланың айласы».

4-сұрақ. Қандай өлеңдерін білесіңдер? «Кел,балалар,оқылық», « Өнер ,білім бар жұрттар» «Жаз», «Өзен»

4 Жаңа сабақ.  «Табиғат менің  өз үйім» тарауы Ы.Алтынсаринның «Өзен» өлеңімен басталыпты.

Олай болса,бәріміз оқулыққа зер салып қарайықшы.

Өлеңді мәнерлеп оқу.Мазмұнын айтып беру.

Сөздік жұмысы:  Қынарда-жағасында.

Жанабында-маңайында.

Әр топтан 1 оқушыға оқытып,мазмұнын айтқызу.

Сергіту сәті:

Сабақты дүниетану мен байланыстыру.3-топқа 2-сұрақтан  беріліп,.оқушылар жауап береді.

1.Өзен қайдан пайда болады? (  Тау мұздықтары, жер асты сулары,батпақ көлдер,қар,жаңбыр .)

2.Өзеннің қандай түрлері бар? ( Тау өзені,жазық өзені)

  1. Өзен қай кезде тасиды? Оны не дейді? ( Тасқын дегеніміз-аса күшті жаңбырдан ,қар мен мұздықтардың еруінен су деңгейінің көтерілуі.)

4.Қазақстанның өзендерін ата.( картамен жұмыс)  ( Есіл,Нұра,Сырдария,Іле,Ертіс,Жайық,-бұлар үлкен өзендер.)

  1. Қазақстандағы ең ұзын өзен қайсы? ( Ертіс- 4248 км)
  2. Біздің обылыстағы өзен аты?

5.Дәптермен жұмыс:

Мақал-мәтелдің жалғасын табу. 3-топқа  мақалдар беріледі. Жалғасын тауып , мағынасын түсіндіріп, дәптерге жазады. 1-топ- Бір кісі қазған құдықтан………… 2-топ- Сыйлап берген …….. тәтті. 3-топ-………. да сұрауы бар.

6.Жаңа сабақты бекіту:

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса тіршілік жаман бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.,- деп сабағымызды аяқтаймыз.

7.Оқушы білімін бағалау.8. Үйге тапсырма беру.