Ы. Алтынсарин «Өзен».Ж Аймауытов «Торғай».
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Өзен».Ж Аймауытов «Торғай».
Сабақтың мақсаты: 1.Өлеңнің құрылысын, ұйқас түрін,ой-өрісін, таным қабілетін,сөздік
қорын дамыту.
2.Мәтіндегі негізгі ойды ұғыну арқылы мазмұнын айтуға, өз ойын
жеткізе білуге дағдыландыру.
- Табиғаттың сұлулығын бағалауға, Отанын қадірлеп, елін сүйе білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, интерактивті тақта, кітап , суреттер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар қазір қандай сабақ?
- Сондықтан бәріміз сабаққа жан – жақты дайындалып отырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Мақалды жалғастыр» ойынын ойнату. Оқушылар тақтадағы мақалдың жалғасын табады.
1.Жақсы туса –ел ырысы,..(Жаңбыр жауса –жер ырысы.)
2.Жақсы дос үшін… (Жан пида.)
3.Атаңның баласы болма,… (Адамның баласы бол.)
4.Досы көпті жау алмайды,….(Ақылы көпті дау алмайды.)
5.Адам болатын бала…..(Алысқа қарайды.)
ІІІ.Өткенді тарауды пысықтау.Сөзжұмбақ шешеді. Тақтадағы сұрақтарды оқып, оның шешімін тапқан оқушы тақтадан оны ашады.
1.Әл-Фарабидің туыып өскен жерін ата.(Отырар)
- «Ауыл шетіндегі жотада үйір- үйір жылқысын,қора-қора қойын тамашалап отырған кім?» (Омар)
3.Қойшы баланың жанына келген адам кім еді? (Махамбет)
4.1888 жылы Құрманғазының күйіне «Көбік шашқан» деп ат қойған кім? (Дина)
- «Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқындықтан жарыққа шығардым, жақсылыққа жамандықбар ма?» -деген кім? (Ғалым)
6.Әсет үлкен үйдің қараңғы бұрышына жабысып, тұрып кімді күтті? (Нұрланды)
7.Әлденеден сезіктенгендей босағада жатқан темір шыбықты ала сала далаға атып шыққан кім? (Тұрар)
ІV.Жаңа материалды игеру.
- Балалар тақтадағы суретке қарайықшы. Суретте не бейнеленген?
- Суретте тау, өзен, ағаш т.б бейнеленген.
- Суретте көркем де көрікті табиғат бейнеленген.
- Балалар өзен көрдіңіздер ме?
- Қандай өзендерді білесіңдер? Оқушылардан сұрап шығамын.(Ертіс, Есіл,Сырдария,Іле, Тобыл, Аягөз, Шу,Арыс,Шарын,Торғай)
- Батыс Қазақстанда қандай өзендер бар? (Жайық, Жем, Сағыз, Елек, Ойыл, Ор, Сары өзен, Қара өзен).
- Өзенің көлден қандай айырмашылығы бар? (Өзен ағады, суы тұщы.)
- Өзенің қандай пайдасы бар?
Өзеннен балық аулайды, суы ішуге келеді. Өзен басын таудағы бұлақтан алады. Өзенің тағы бір ерекшелігі су күшінен электр станциясы салынып,электр қуаты алынады.
Ал енді тақтаға қарайық, бұл кімнің портреті? Жанындағы сұрақтарға жауап беріп көрейік.
- Ы. Алтынсарин қай жерде туған?
- Ол кімнің тәрбиесінде болған?
- Алғашқы шыққан оқулығы қалай аталады?
- Қазақ балаларына арнап не ашты?
- Қандай шығармаларын білесің?
Ұлы ұстаз, шебер жазушы 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы ,қостанай ауданында дүниеге келген.Балқожа бидің тәрбиесінде болып,Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне 1850 жылы оқиды.1857 жылы үздік бітіріп ,халыққа қызмет етеді.Алғашқы мектебін 1864 жылы Торғай қаласында ашады. «Қазақ хрестоматиясы »оқулығын 1879 жылы Орынборда шығарады.1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болады.
Оқулықтарыңда Ыбырай атамыздың «Өзен » деген өлеңі берілген. Ақын өзенді қалай суретеген екен.(өлеңді оқып шығамын). Оқушылар тізбектеп оқып шығады. Міне балалар ақын өзенің әдемілігін ослай жеткізген екен. Осы өлең оқылғанда не туралы ойладыңыз?
-Көз алдымызға керемет табиғаттың тамаша суреттері елестеді.
-Өзенің ағысы, жануарлардың өзен суынан шөлін қандыруы.
-Өзенің адам өміріндегі маңызын қандай?
Қиын сөздерді түсіндіру. Қынарда-өзенің жағасында, бойында өсіп тұрған өсімдіктер.
Жанабында- өзенің айналасындағы елдер ,маңында орналасқан
Ауылдар.
- «Сергіту сәті»
Аппақ болып таң атып,
Түтін тікке шығады.
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биік ұшады.
Балалар тақтадағы келесі суретке қарайық.Бұл суретте жазушы, драматург, ақын, зерттеуші, аудармашы Жүсіпбек Аймауытов бейнеленген. Ол Павлодар облысы,Баянауыл ауданы Қызылтау атырабында дүниеге келген. Шағын шаруа отбасынан шыққан.Ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан.Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады.Павлодар қаласындағы екі сыныпты мектепті бітіріп,1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына түсіп, 1918 жылы аяқтайды.Алғашқы мақаласы 1913 жылы «Қазақ» газетіне басылады. Сол мақаладан кейін қолына қалам алады. Ол Абайға еліктеп мақалалар жазады.Ол аз ғана ғұмырында «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» деген ірі шығармалары бар.Романдар, повестер, пьесалар, әңгімелер жазып қвзвқ әдебиетіне мол мұра қалдырған. Қазақ әдебиетінде таза көркем проза тәсілдерін алғаш меңгерген жазушы – Жүсіпбек Аймауытов.Ол 1929 жылы жалған жаламен ұсталып, Мәскеуде мерт болды.
«Ақбілек » деген шығармасынан оқулықтарыңда үзінді берілген. Мәтінді оқып шығамын.
- Торғай қандай қалыпта тұр?
- Торғай Ақбілектің алдына неге ағып түсті?
- Ол неге безек қағып жанталасты?
- Бозторғайға шұқшиған жыланның түрі қандай?
- Қорытынды.
«Ой толғау» Әр қатарға сұрақтар беріледі.
- Адамдар неге суды құрметтейді? Өзенің қандай пайдасы бар? Өлеңге сүйеніп әңгімеле.
- Ж Аймауытов кім болған? Оның қандай шығармалары бар?
- Торғайдың хәлін өз сөзіңмен әңгімеле.
- Жыланның күш көрсеткенін әңгімеле?
VII. Бағалау.
VIII.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, Мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалып келу.