Өзін тану арқылы айналадағы затты тану
Сайрам ауданы №54 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының даярлық «Б» тобының жетекшісі Рахымбердиева Баян Нұрғалиқызы
Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Өзін тану арқылы айналадағы затты тану».
Сабақтың мақсаты: Өзін тану арқылы айналадағы затты тану.
- Оқушыларда танысу туралы түсінік қалыптастыру.
- Өзіңді-өзің тани отырып үлкенді сыйлау, құрметтеу
кішіге қамқор болу.
- Әдептілік-әдемілік қасиеттерді оқушы бойына
қалыптастыра білу мейірімд, сыпайы, қанағатшыл
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.
Ән ұран «Менің Қазақстаным».
Сәлемдесу рәсімі:
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз «біз»
Амансың ба алтын күн
Амансың ба көк аспан
Амансың ба достарым
Сендерді көрсем қуанам
1 оқушы:
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да
Өзіңнен үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла
Өзіңді өзің қолға ал
Өзіңсің ақыл айнасы
Тиеді саған мәні бар
Өзіңді тану пайдасы
Ойын «Дүкен»
Ойынның шарты: Оқушылар дүкеннен зат алуы тиіс. Олзаттың бастапқы әріпі, әркімнің өзінің атының әріпі, келетін затқа сай болуы тиіс.
Дүкенде заттар, көкөністер, ойыншықтар бар.
Мысалы: Сыныбымызда «А» әріпінен келетін оқушылар бар
-Ал кәнекей не аласыңдар. Көкөністер.
Менің атым – Аяжан. Мен алмұрт сатып аламын.
Менің атым- Аружан. Мен алхоры сатып аламын.
Менің атым – Айгерім. Мен айва сатып аламын.
Менің атым – Айда. Мен ананас сатып аламын.
Менің атым – Ақмоншақ. Мен анар сатып аламын.
Менің атым — Асылжан. Мен асқабақ сатып аламын.
Менің атым – Ақниет. Мен алма сатып аламын.
Менің атым – Азамат. Мен алша сатып аламын.
Менің атым – Айжан. Мен апельсин сатып аламын.
Ойыншықтар дүкені
Мен аю, арыстан, аққу, ат, ойыншықтарын аламын.
«Ж» әрпі келетін жолбарыс
«С» әрпі келетін сиыр
«Қ» әрпінен келетін қоян
«М» әріпінен келетін маймыл сатып аламын
Жұмбақ жасыра отырып та өз атымыздан келетін затты таба аламыз.
Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең
Кетіп кір ласың
Тап таза боласың
Менің атым-Сержан
Мен сабын сатып аламын
Жер астында басы бар
Жер бетінде шашы бар
Менің атым – Сымбат
Мен сәбіз сатып аламын
Суда жүзер жылтылдап
Сол жәндіктің атын тап
Менің атым – Бақдәулет
Мен балық сатып аламын.
Ішіне тамақ салынған
Есігі тастай жаюылған
Менің атым – Жібек
Мен жұмыртқа сатып аламын.
Сырты қатты іші қуыс бөлек-бөлек
Базардан оны сатып алса керек.
Менің атым-Жақсылық
Мен жаңғақ сатып аламын
Күнде оған қараймын
Қара шашымды тараймын
Менің атым – Аяжан
Мен айна сатып аламын.
Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі
Менің атым – Сүндет
Мен сызғыш сатып аламын
Өзімізді-өзіміз тани отырып әдептілік-әдемілік үйрендік.
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді
Мұндайда не деу керек?
Рахмет апа,- деу керек.
Апаң сенің түскі асқа
Қант,кәмпит қойды мол
Жұрттан бұрын ыдысқа
Өз бетіңмен салдың қол
Мұндайда не деу керек?
Рұқсат па? — деу керек.
Балалар жүр көшеде
Естіледі айқай шу
Сен де шықтың көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?
Кешіріңіз — деу керек.
Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың
Мұндайда не деу керек?
Саламатсың ба!- деу керек.
Қарсы ал ерте күн көзін
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты
Жалама аяқ табақты
Нанды үгітпей қадірле
Қабағымен бәрін же
Саусағыңды сормағын
Салдыр салақ болмағын
Салма аузыңа шиені
Үзбе жұлқып түймені
Әдет қыл бұл ісіңді
Тазалап жүр тісіңді
Аталар сөзімен өсіп өнген
Бабалар бұлағынан нәр алған
Даналар өсиетін тағзым еткен
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз
Үлгі аламыз жақсыдан
Біз бақытты балдырған
Аспанымыз ашық болсын
Күніміз жарық болсын
Түніміз тыныш болсын
Суымыз мөлдір болсын
Келесі кездескенше деніміз сау болсын,-деп қоштасамыз.