Арайлап атсың әр таңым
Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас жасауды үйрету
Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Әңгімелесу
Өмір деген жарыста,
Шаттанғын, дос, қалыспа!
Өзіңнің, өзгенің көңіл күйін қалай көтеруге болады деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат
Тиін мен қасқыр
Тиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ұшып тұрып, оны жемекші болады.
– Қоя бер мені! – деп, тиін жалына бастайды.
– Жақсы, қоя берейін, бірақ осы тиін біткен неге сонша көңілді боласыңдар, соның себебін айтшы маған. Мен үнемі жабығып жүремін, ал сендер төбемізде асыр салып ойнайсыңдар да жүресіңдер.
– Ең әуелі мені ағаштың басына жібер, сол жерде тұрып айтайын, әйтпесе сенен қорқамын, – деп жауап береді тиін оған.
Қасқыр тиінді қоя береді. Ол ағаштың басына шығып алып:
– Сен өзің зұлымсың, содан ылғи жабығасың да жүресің… Ал біз болсақ, қайырымдымыз, ешкімге жамандық жасамаймыз, сондықтан үнемі көңілді боламыз, – дейді.
- Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?
- Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Жүректен жүрекке
Жақсы көңіл күй:
- тез түсінісуге септігін тигізеді;
- өзара достасуға көмектеседі;
- сыйластыққа негіз болады.
Көңілді балалар әні
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.