Бәрін білгім келеді

Сабақтың тақырыбы: Бәрін білгім келеді

    Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушы, оқу, білім туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: білімге, оқуға, еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы оқушы болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Өлеңді жаттап алыңдар.

Кітаптың жыры

Деме: «Оңай үйренем».

Ақыл айтсам – Егеспе.

Оқу деген – «Инемен

құдық қазу» емес пе?

Менің әрбір жолымда –

Өмірдегі үлесің.

Мен отырсам қолыңда,

Білмегенді білесің.

Көп пайдадан құр қалма,

Жалқауланып отырып.

Қолдан келіп тұрғанда:

«Кел, балалар, оқылық!»

  • Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?
  • Кітаппен қалай дос болуға болады?

Жүректен жүрекке

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

  Білім:

  1. өзіңді, өзгені танытады;
  2. өмірді түсінуге көмектеседі;
  3. табиғат құпияларын ашады;
  4. болашаққа жетелейді;

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.

  1. Оқу – білім бұлағы.
  2. Білім – өмір шырағы
  3. Оқу – инемен құдық қазғандай.
  4. Оқу түбі – тоқу.

Ақылшым – мұғалім

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім.

Баулитын өмірге

Ақылшым – мұғалім.

Тіліңді аламын,

Айтқанды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым – мұғалім.

Арқаңда өзіңнің

Адам боп шығамын.

Бәрі алтын сөзіңнің,

Ақылшым – мұғалім.