Әдептілік-әдемілік

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Адамдарға  кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын,

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

 

  • Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар?
  • Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

Әдептілік

Тұрсын мектептен көңiлсiз қайтты. Үн-түнсiз отырып, тамағын iштi. Бiр кезде:

– Апа, әлгi бiздiң көшенi сыпыратын атай ауруханаға түсiп қалыпты, – дедi.

– Ә, бұл бейнет дегенiң де тiлсiз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесiн жөндеймiн деп жүрiп, мертiгiптi. Өткен сенбiде екi-үш оқушы сарай төбесiнiң қара қағазын жыртып, iшiне түсiптi. Сарайдан сыпырғылар алса керек. Тентектер, өйтiп бүлдiргенше, сұрап алсашы.

Сөйтiп жүрiп апасы жұмысына жиналды.

– Апа, ұрыспайсыз ба? – дедi Тұрсын қипақтап.

– Не үшiн? Екiлiк алғаннан саумысың?

– Жоқ екiлiк емес. Одан да жаман … мен де солардың ішінде болып едім… Айтайын дегенiм, аула сыпыратын  атайға барсам деймiн. Халiн бiлiп, кешiрiм сұрайын.

– Қап, әттеген-ай, балам. Ағаттық жасаған екенсіңдер. Сендердiң кешiрiм сұрағандарың дұрыс, атайдың жан жарасына себi тиер.

Апасы жұмысына кеттi.

Тұрсын аула сыпыратын қартқа барды.

– Бiр қателiк кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрiнен де қателiктерiңдi түсiне бiлгендерiң жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесiз болмас» деген, – дедi қарт.

 

  • Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
  • Атай балалардың қылығын кешірді ме?
  • Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.