Қамқор болып өсемін
Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: қамқорлық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу
Дамытушылық мақсаты: адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері
«Отбасымыздың дәстүрлері» тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеп беріңдер.
Адамның жақсы қасиеттерінің бірі – өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бір-бірін сыйлап, қамқорлық жасаулары керек.
Қамқорлық
Бабамнан басталар,
«Өз жұртым» мыналар:
Ең жақын адамдар –
Әкем мен Анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты әжем бар.
Әкеге мен – бала,
Атаға – Немере.
Немере баласы –
Болады шөбере.
Шөбере баласы –
Шөпшек деп аталар.
Шөпшектің баласы –
Немене саналар.
Осы ұрпақ жалғасы
«Жеті ата» бола алар.
- «Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.
Халық даналығы
Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беріңдер. Өздерің қандай бата-тілек білесіңдер?
Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол. |
Қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын. |
Балаларымыз қуаныш әкелсін, немерелеріміз жұбаныш әкелсін. |
Ата-тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.
Жеті ата:
- ата
- әке
- бала
- немере
- шөбере
- шөпшек
- немене
Мен әдепті баламын
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.