Математикалық ойын-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Математикалық ойын-сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін — өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе – білім.
М.Әуезов.
І.Ұйымдастыру.
Асtivote құрылғысы арқылы сайысқа қатысатын оқушыларды анықтау.
(тест жұмысын орындау арқылы 12 оқушы іріктеледі);
- Өрнектің мәнін тап,егер х=3 болса: 27+х
а) 20 в)30 с)27 д)17
- Үшбұрыштың периметрінің формуласы:
а) P=a+b+c в)P=2a+2b с)P=a+b+2c д)P=a+b
3.ЕКОЕ(25,5)=
а) 5 в) 15 с)30 д)25
4.Бұрыс бөлшекті анықта:
5.Бөлшектерді салыстыр:
- c) білмеймін
6.Бөлшектерді қос:
а) 5 в) с) д)4
7.Бөлшектердің айырмасын тап:
а) в) с) д)
8.Бөлшектерді көбейт:
а) 4/10 в)12/40 с)3/10 д)3/5
9.Бөлшектерді бөл:
а)1/3 в)2/3 с) 5 д)
10.Қораптағы шай 1/5 кг.Неше қорап шай 1 кг?
а) 5 в)2 с) 1 д)10
- «Бәйге» (Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді)-1 ұпай әр сұраққа
- Қазақстан мектептеріндегі жоғары баға.(5)
- Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қона бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар достарым айтыңдаршы? (жай бөлшек)
- Жолдың формуласы (S=vt)
- Жұп сан (2)
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш(квадрат)
- Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 10 дәптер артық.Ал барлығы 70 дәптер болса, әрбір қорапта қанша дәптер бар? (30,40)
- Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жақтарыңа қарамай?(натурал сан)
- 1 куб метр судың салмағы қанша кг?(1000 кг)
- Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құрастырылған геометриялық фигура.(бұрыш)
- 6 алманың 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?(4)
- Бір қызыл өрік жесең не қалады?(пашағы)
(Екі ұпайы төмен оқушы шығады)
2-бөлім. Топтарды анықтау. (10 оқушы қатысады)
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.(топты суреттің қимасы арқылы анықтайды)
1-топтың тапсырмалары:
- 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (тең)
- 3-тің үшінші дәрежесі (27)
- Квадраттың периметрі неге тең? (Р=4а)
- С қалай аталады?(қосындының мәні)
- Бір сағатта қанша секунд бар? (360)
- Алымы бөліміне тең жай бөлшек …..деп аталады.(бұрыс)
- Екі сіріңкені сындырмай 10-ды қалай көрсетуге болады?
- 3 санына бөлінгіштік белгісі.(цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін натурал сандар 3-ке бөлінеді.)
- 41-жай сан ба?(иә)
- Кесіндіні өлшейтін құрал.(Сызғыш)
2-топтың тапсырмалары:
- 1 км шоссе ұзын ба, 1000 м қара жол ұзын ба?(тең)
- 2-нің төртінші дәрежесі неге тең?(16)
- Тіктөртбұрыштың периметрі неге тең? (P=2(a+b))
- С қалай аталады? (айырманың мәні)
- 1 метрде қанша миллиметр бар?(1000)
- Алымы бөлімінен үлкен жай бөлшек … деп аталады.(бұрыс)
- 3 сіріңкеден төртті көрсет.
- 9 санына бөлінгіштік белгісі(цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, натурал сан да 9-ға бөлінеді.)
- 49-құрама сан ба? (иә)
- Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)
3-бөлім.Топбасшылар сайысы (2 ұпай)
1-топ
- 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан(жай сан)
- 1-ге тең бір ғана ортақ бөлгіші бар натурал сандар (өзара жай сандар)
- Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектер(қысқартылмайтын)
- Бөлшекті ортақ (жаңа) бөлімге келтіру үшін оның алымын да, бөлімін де көбейтетін сан(толықтауыш көбейткіш)
- Берілген натурал сандардың …. деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін үлкен натурал санды айтады.(ЕҮОБ)
- О санын натурал санға бөлуге болады ма?(иә)
- Егер натурал санның жазылуы жұп санмен аяқталса, онда ол … бөлінеді.(2-ге)
- Жазылуы жұп цифрмен аяқталадын натурал сандар …бөлінеді.(2)
2-топ
- Екіден көп бөлгіші бар натурал сандар … сандар деп аталады.(құрама)
- Натурал 1 санының қанша бөлгіші бар?(1)
- Бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың ортақ бөлгішіне (1-ден өзге) бөлуді … деп аталады.(бөлшектерді қысқарту)
- Егер бөлшектің алымын да , бөлімін де бірдей натурал санға көбейтсек немесе бөлсек, оған … алынады.(тең бөлшек)
- Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды, сол сандардың … деп атайды.(ЕКОЕ)
- Натурал санды 0-ге бөлуге болады ма?(жоқ)
- Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар … бөлінеді. (10,5,2)
- Жай сандардың ішінде айырымы 1-ге тең сандарды ата.(2,3)
2 топтың оқушыларына беріледі.(8ұпай)
4-бөлім.Басқатырғыш.
- Салыстыр:
- Тоқашты үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?(3)
- Аликвоттық бөлшектерді қолдану арқылы 7 нанды 8 а8дамға тең бөлу керек.()
- Батонды үш бөлікке бөлгенде неше рет кесу керек?(2)
5-бөлім.«Лидерге жету»
Қорытындылау.
Рефлексия