Менің тұңғыш Президентім! Тәрбие сағаты
Менің тұңғыш Президентім! Тәрбие сағаты
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәде-сыйлықтар, әнұран, т. б.
Түрі: тәрбие сағаты
ҚР Гимні – орындалады.
Мұғалім:
— Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Ән: «Өз елім»
-Балалар Отан деген не? Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Біздің астанымыз қай қала? Кім болды Астана қаласында?
-Біздің мемлекетімізді кім басқарады?
-Н.Ә.Назарбаев туралы не білесіңдер?
Оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Оқушы:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Оқушы:
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Оқушы:
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Оқушы:
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндікке, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
Оқушы:
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Астана туралы кино көру
Мұғалім: — Балалар Астанадан қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауабы)
Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс.Елбасы туралы презентация көру.
Менің Қазақстаным ең…
Өз елімді мақтан тұтам, себебі…
Патриоттық азамат болу, ол…
Мен өмір сүргім келеді, себебі…
Менің ойымша, Президент болу ол …
Аппликация жасау. «Менің Отаным» атты тақырыбына.
Мұғалім: (президентке тілек)
— Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие сағатымыз аяқталады.
— Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарына ризамын.
Хор: «Атамекен»