Дарындылар додасы
Сабақтың тақырыбы: Дарындылар додасы
Мақсаты: Студенттердің білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілеттерін және математика, информатика, әдебиет, ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке, жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабағы.
Әдісі: Топ бойынша жұмыс.
Көрнекі құралдар: слайд, логикалық есептер, сөзжұмбақ, бағалау парағы.
Сабақтың мазмұны: «Дарындылар додасы» атты сайысы VI — кезеңнен тұрады.
- Қас-қағым сәт (топқа сұрақ)
- Бәйге сайысы (топ басшысы)
- Полиглот.
- Сандар сыры
- Ойна да, ойла
- Сыр сандық құпиясы (логикалық)
- Қорытынды.
Жүргізуші:
Бүгінгі студент ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру. білімін байқап көрелік. « Білімді азамат – ел ертеңі», « Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзімен сіздерге сәттілік тілейміз.
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дей отырып сайыскерлерімізді таныстырамыз.
Бірінші сайыскерлеріміз: « Уақыт талабы» командасы.
Екінші сайыскерлеріміз: « Ізденімпаздар» командасы
Ойын – толқын жатқандай асып, тасып,
Біреуі мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып — дей:
I — кезең
«Қас-қағым сәт» (7 минут)
« Уақыт талабы» командасы
- Интернетті қосуда қамтамасыз ететін құрылғы. (модем)
- 1694 жылы Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып құрастырылған машинаның атауы(Арифмометр)
- Көбейтілуге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (вирус)
- Адам мен компьютер арасындағы қатынас.(интерфеис)
- Аты бар байттар тізбегі.(файл)
- Есте сақтау құрылғы? (Винчестер)
- Принтердің неше түрі бар? (лазерлік, құйылымды немесе сия бүрккіш, матрицалық)
- Ең бірінші ЭЕМ қай жылы құрастырылды және қалай аталады? (1946 ж.Eniac)
- Дискетті оқитын құрылғы. (дискі жетек)
- Бас әріпті жазатын перне. (Shift)
- Компакт дискінің екінші атауы. (лазерлік диск)
- Алғашқы есептеу құрылғысы.(саусақ)
- Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан. (Әл-Хорезм)
- «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэббидж)
- Тышқанның оң жағын басқанда шығатын меню. (жанама)
16.Компьютерлік жүйе құрылымы?(Архитектура)
- Дүниежүзілік компьютерлік жеді. (интернет)
18.Компакт дискіні оқитын құрылғы. (CD-ROM)
«Ізденімпаздар» командасы
- Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
- Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
- 50-ді -ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай?. (103)
- «Айнал» командасы берілгенде жауынгер қандай бұрышқа бұрылады?.(1800)
- 1 пұт неше кг-ға тең?. (16 кг)
- Ең алғаш әйел математик. (С. Ковалевская)
- кімнің теоремасы?. (Пифагор)
- Алматы қаласындағы республикалық мамандырылған физика- математикалық мектеп-интернат аталған, қазақ халқының дарынды ұлы, акедемик кім?. (О.А. Жәутіков)
- «Ноль» қай елден шыққан? (латын, мисса-ешқандай, ештеңе емес)
- 10. Кез келген санның 0 дәрежесі неге тең? (1)
- Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген кім?. (Г. Лейбниц)
- Барлық нақты сандар жиыны (R немесе (-∞;∞))
- 1-ге және өзіне ғана бөлінетін (сан жай)
- Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті теңдік (теңдеу)
- Аксиома дегеніміз не?. (мағынасы күмансіз тұжырым)
- «Фигура» сөзінің мағынасы. (түр, кескін, бейне)
- Анықталу облысы симметриялы және аргументтің теріс және оң мәндерінде мәні тең функция (жұп)
- Координата бас нүктесінен қарағанда симметриялы функция (тақ)
Жүргізуші:
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Оны сен білмесең,
Өте алмайсың көпірден – дей келесі .
II-кезең:
«Бәйге» атты. (бағалану – 10 балл). (5 минут)
«Ізденімпаздар» тобына:
« Уақыт талабы» тобына
Жүргізуші:
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға 3 тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, студенттер сіздікі — дей келесі .
III кезең:
«Полиглот» (бағалану – 10 балл). (7 минут)
Студенттердің алдындағы парағына жауабын үш тілде жазады, егерде 3-еуі дұрыс болса — 30 ұпай, 2-еуі дұрыс болса — 20 ұпай, 1-еуі дұрыс болса — 10 ұпай.
«Ізденімпаздар» тобына:
« Уақыт талабы» тобына
Жүргізуші:
Сандардың сырына біз үңілеміз,
Үйренбеген достардан түңілеміз.
Қасиетті сандарға байланысты,
Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.
IV-кезең:
«Сандар сыры». (бағалану – 10 балл). (10 минут)
Тақтада көрсетілген 3,5,7 сандарына байланысты не білеміз?
балл | |||
Үш саны | 3 қуат | Ақыл,жүрек, тіл | |
3 бәйтерек | С.Сейфуллин, Б. Майлин, І Жансүгіров | ||
3 байлық | Денсаулық, ақ жаулық, он саулық, | ||
3 арсыз | Ұйқы, күлкі, тамақ | ||
3 тәтті | Жан, мал, жар | ||
3 тоқтам | Ақыл-арқан, ой-өріс, адам-қазық | ||
3 ғайып | Ажал, қонақ, несібе | ||
3 көз | Су анасы-бұлақ,Жол анасы-тұяқ,Сөз анасы-құлақ | ||
3 жұрт | Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты | ||
5 саны | 5 асыл | Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым | |
5 парыз | Қажыға бару, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр, садақа (зекет) | ||
5 дұшпан | Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ | ||
7 саны | 7 ата | Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат | |
7 күн | Бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына | ||
7 қазына | Ержігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, таз, қыранбүркіт, мылтық | ||
7 жұт | Құрғақшылық, мал жұтау, оба(індет), өрт, соғыс, сел(тасқын), жерсілкіну | ||
7 қаткөк | Ай күн, есекқырған(меркурий), шолпан, қызылжұлдыз(марс), мүштәрі(сатурн), сатурн | ||
7 қатжер | Тұңғиық, жылан, су, қосбалық, қара тас, көкөгіз, жер | ||
7 амал | Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың тоғамы, қыс тоқсанның кіруі |
Жүргізуші:
Мықты болсаң — алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткіз бе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.- дей келесі .
V- кезең:
«Ойна да, ойла» (бағалану – 10 балл). (5 минут)
- Дәулет бұрылыста терезеден қарағанда алдында 9 вагон, артында 7 вагон бар екенін байқады? Даудет келе жатқан пеоздің неше вагоны бар. (17)
- Нашар жабылған краннан сағатына 600гр. су далаға кетеді. Сонда 1 айда және 1 жылда неше литр су далаға ағып кетеді? (432л; 5184л)
- 1 көйлек жылы ма, әлде бір кәйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма ? (бірдей)
- Квадрат пен ромбының периметрі бірдей.. Қай фигураның ауданы үлкен ? (квадрат)
- Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін ? (9)
- Бұл басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсеңде, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Бұл не? (щеңбер мен дөңгелек)
- Математикалық таңба ол,
Біліммен болса ашарсың.
Теріс сан болса астында,
Мағынасы жоқ деп қашарсың (квадрат түбір)
- Атасы баласынан: 12 түйе, 10 жылқы, 9сиыр, 1 ешкі, 1 мысық, 3 түлкі. Таба алмасаң бұл күлкі, — деп. Бәрі 144 екен дейді. Сонда атасы баласынан нені сұраған екен. (аяқтарының саны)
- Жылдың неше айында 28 күн бар?(барлық айында)
- 2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмедегі адамдар саны тең болады. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған. (33 ;43)
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар — дей келесі .
VI-кезең: (5 минут)
Сыр сандық құпиясы(логикалық)
Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады.
4 тең қабырғалы шаршылар орналасқан. 3 шырпының орын ауыстыру арқылы тең 3 шаршы құрастыр.
6 тең қабырғасы үшбұрыштан, 4 шыршының орын ауыстыру арқылы 3 үшбұрыш құрастыр.
Бағалау парағы.
I-топ | I I-топ | ||
I-кезең | Қас-қағыс сәт
| ||
II-кезең | Бәйге сайысы
| ||
I I I -кезең | Полиглот
| ||
IV-кезең | Сандар сыры
| ||
V-кезең | Ойна да, ойла
| ||
VII-кезең | Сыр сандық құпиясы
| ||
Қорытынды
|
Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан арттық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма» — дегендей Н.Д.Зеленскийдің сөзімен бүгінгі «Дарындылар додасы » атты сайыс сабағын аяқтаймыз.
Келесі сөз: Әділқазыларға сөз беріледі.