К. Ушинский. «Төрт тілек»
Ю.А.Гагаринатындағы №8 қазақ орта мектебініңбастауышсыныпмұғалімі
РашаеваҚалдыгулЖайхожақызының 3сыныпта әдебиет сабағынан өткен ашық сабағы.
Сабақтың тақырыбы: К. Ушинский. «Төрт тілек»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Талдау жұмыстарын жүргізіп, мәтін мазмұнын меңгерту.
б) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту, алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой өрісін дамыту. Сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту.
в) тәрбиелік: табиғаттың, қоршаған ортаның әсемдігін, көркемдігін түсіне білуге, табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістер: репродуктивті әдіс, түсіндіру, интерактивті әдіс, ой қозғау стратегиясы.
Сабақ көрнекілігі: слайдтар, суреттер, тілек ағашы.
Сабақтың техникалық құрал-жабдығы: мультимедиялық проектор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірім таусылмайтын алтыным.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- С.Сейфуллин «Қызыл шұнақ» жаттау.
2.Қыс бейнесін салу.
ІІІ Жаңа сабақ.
- 1. Жұмбақ «Бұл қай кезде болады?»
2.Оқушылар жыл мезгіліне бөлінеді.
3.Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
К. Ушинскийдің шығармашылығына тоқталу.
4.Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтінді оқып түсіндіру.
- Оқушыларға мәтінді іштей оқыту.
- Мәтінді төртке бөліп, төрт оқушыға оқыту.
Жаңа сөздермен жұмыс.
3.Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
- Табиғатта қолайсыз жыл мезгілі бола ма?
- Митя неліктен төрт мезгілдің бітпеуін қалады?
- Тілек деген сөзді қалай түсінесіңдер?
4.Жұмбақ шешу.
Қанттай аппақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Сергіту сәті
5.Шығармашылық жұмыстар:
а) Көктемтобы: көктеммезгілінебайланысты эссе жазады.
Жазтобы: жазмезгіліне сурет салады.
Күз тобы: Венн диаграмма құрады.
Қыс тобы: қыс мезгіліне байланысты өлең құрастырады.
б) Жыл мезгілдеріне арналған мақал – мәтелдер білеміз бе?
Сөздер банкісі. Мақсаты: берілген сөздердің ішінен бүгінгі мәтінде кездескен сөздерді тауып, бөлек алып жазу.
Тілек ағашы. Шарты: оқушылар жүректен шыққан тілектерін ағашқа іледі.
6.Сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап.
Үйге тапсырма:1. Mәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
- Ауа райына байланысты халықтық болжаулар жинақтау.
Оқушылар білімін бағалау.