Өө дыбысы мен әрпі

Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы:  Өө дыбысы мен әрпі

Мақсаты:  Оқушыларға Өө дыбысы мен әрпін таныту, білімдерін кеңейту. Баспа жазба түрімен таныстыру.

Міндеттері: а) оқушыларға ө дыбысының айтылуын, жазылуын меңгерту. Сөздерді сөйлемдерді буындап оқуға үйрету

ә)  оқушылардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, дүниетанымдарын дамыту.

б) оқушыларды адал достыққа, көмекшілдікке, ұжымшылдыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Өзін дұрыс ұстауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: топтық-сайыс

Көрнекіліктер: әріп үлгі, тақырыптық сурет, жемістер, плакаттар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, көрнекілік, ойындар, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Құрал-жабдықтарын түгелдеу
  3. Психологиялық дайындық.
  • Бір-бірімізге жылы лебіздер тілеу.
  • Бүгінгі сабағымыз топтық-сайыс сабағы.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінген.

1-топ – құлыншақ

2-топ – қошақан

3-топ – ботақан

Сабағымыздың жоспары тақтада тұр.

І. Біз не білеміз?

— өткенге шолу.

  1. Әріп дегеніміз не?
  2. Дыбыс дегеніміз не?
  3. Дыбысты таңбаласақ не шығады?
  4. Дыбыс түрлері?
  5. Біз неше дыбыс өттік?
  6. Дауысты дыбыстарды ата?
  7. Дауыссыз дыбыстарды ата?

ІІ. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей: Суреттерді атау, буынға бөлу.

ІІ деңгей: Сөздерді оқу

ІІІ деңгей: Сөйлемдерді оқу.

ІІІ. Сиқырлы әріп.

Қызығушылықты ояту

Сөздің сыры – көп жұмбақ,

Шешуін кім табады?

Кімдер шешсе тез ойлап,

Сол жеңімпаз болады.

  1. Тәтті, тәттінің іші қатты,

Қаттының іші қатты. (өрік)

  1. Торын құрып қояды,

Шыбындарды жояды (өрмекші)

  1. Өзі күшті, мүйізі мықты

Қызылды көрсе, құтыра шықты (өгіз)

  • Балалар, осы жұмбақтардың шешуін айтайықшы.
  • Өрік, өрмекші, өгіз
  • Осы сөздердегі ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
  • Ө дыбысы.
  • Олай болса, балалар біздің бүгінгі танысатын сиқырлы әріп Өө дыбысы мен әрпі.
  • Қане, бәріміз бірге айтайықшы
  • Ө-ө-ө
  • Ө дегенде не естіліп тұр?
  • Дыбыс
  • Ө дыбысы қалай айтылып тұр?
  • Созылып, жіңішке
  • Сонда Ө дыбысы қандай дыбыс болғаны
  • Дауысты, жіңішке

Қызыл үйге кіргіземіз.

«Көре отырып үйренем». Көрнекі суреттермен жұмыс.

  • Мынау не?
  • Өрік
  • Қай әріптен басталып тұр?
  • Ө
  • Ал мынау көл

Тақпақты қайталату.

Мөп-мөлдір айна көл

Тап мұндай қайда көл

Құстары шулайды,

Сазаны тулайды.

«Оқы, оқы және оқы». Оқулықпен жұмыс

  1. Дыбыстық талдау.

— Мынау не?

— Өрмекші.

— Барлығы неше дыбыс? 7

— Дауысты дыбыс нешеу? 3

— Дауыссыз дыбыс нешеу? 4

— Неше буын – 3

2) – Сөздерді оқыту. (жаңа дыбыстың орнын тапқызу.)

— Ө дыбысы сөздің басында және ортасында келеді.

  1. «Шырын» мәтінімен жұмыс.

— іштей, тізбектей оқыту.

  1. Дәмді, тәтті сөздерінің қатарын көбейту. Буындық, дыбыстық талдау.

дәмді – 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз. 2 буын

тәтті – 5 дыбыс. 2 дауысты, 3 дауыссыз. 2 буын

«Жемістерді ата» ойыны.

  • Жүзім, алма, қараөрік, жаңғақ, өрік, шие, алмұрт.
  • тірек сөздерден сөйлем құрау.
  1. Жамал өрік өсірді.
  2. Санат алмадан дәмді шырын алды
  3. Шырын өнімі тәтті болды.

«Жоғалған әріптер» ойыны

ғ           та…а,           а…шы

ң          … арыс          ша…ғы

ж         ша….             жа…а

 

«Шығармашылық жұмыс»

  • Әр топ бірігіп бір сурет салу

І топ – өрік ,          ІІ топ – өзен,          ІІІ топ – өркеш

«Сергіту сәтін орындату»

Ормандағы аюдың,

Өріктері көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Аю келіп қалмасын,

Жылдамырақ қашайық.

«Көркем жаза білеміз». Дәптермен жұмыс.

  • Жазуды бастар алдында ережені ескерту.
  • Жазу кезінде дұрыс отыру керек.
  • Дәптерді қиғаш қоямыз.

Жазуымызды көркем етіп жазамыз.

  • Ө дыбысын ауада жазу
  • Әріпті үлгі бойынша жазу
  • Еркін жазу, қолды жаттықтыру.

«Ой қорыту»

  • Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
  • Өө
  • Ө қандай дыбыс?
  • Ө дыбысына «сөз ойла, тез ойла» ойыны

Топтастыру.

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: Өө дыбысын оқу

Бағалау: Ең көп жетон жинаған топқа медаль тағу

Алтын, күміс, қола.

 

 

Тақырыбы: Қош, сүйікті Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, бекіту. Олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету, тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

  1. «Қош, сүйікті Әліппем» тақырыбы
  2. Плакатқа жазылған өлең шумақтары.

а) Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

ә) Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем.

б) Қош сүйікті Әліппеміз,

Ана тілін дәріптейміз.

в) Әліппенің арғы жағы – білім бағы.

г) Әліппе саған мың алғыс.

  1. Шарлар, гүлдер, буклеттер, әріпті короналар.
  2. «Кім күшті?» ертегі кейіпкерлері.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар құрметті ата-аналар мен ұстаздар!

Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздер, яғни мұғалімдер мен мына сіздер, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі біздің бүгінгі ертеңгілігіміз.

Біз бүгін барлық ғылымның атасы әліппені бітіріп, қоштасқалы тұрмыз. Әліппе – бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ. Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Сондықтан Бүгінгі «Қош, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

  1. Диляра: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш сауатымызды ашқан әліппені бітірдік!
  2. Саяхат: Мен енді өзім-ақ оқып, жаза аламын!
  3. Айдана: Мен кәтап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім!

Мұғалім: Ал, біз білімді қайдан алдық?

Мектептен

Мектеп бізге не береді?

тәрбие

Мектеп                                  берді.

білім

 

Мұғалім: Ал, білімді кім береді?

Ұстаз береді.

Бізге хат танытқан, ән айтқызып, сурет салуды үйреткен біздің барлық апайларымызға басымызды иеміз.

Ән: «Мұғалім – ол біздің».

Мұғалім:  Балалар, біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып, оқушымызға ата-аналарымыздың да қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-анаға рахмет айтайық.

Оқушылар: Бақытты балалық шағымыз үшін,

Рахмет, саған ата-ана.

Мұғалім:  Балалар, Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар:  Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті әліппе.

Мұғалім: Олай болса баршамызға қымбатты, сүйікті дос «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар:  Ә-ліп-пе.

Әліппе: Армысыңдар жас достар,

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға,

Білім деген ғажаптың

Әліппені меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Мұғалім:  Ал, балалар, әліппеге өнерімізді көрсетейік.

  1. Алмат: Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

  1. Е.Дана: 42 әріппен,

Таныстырған әліппем.

Ежіктемей сөздерді

Оқи алам танып мен.

  1. Н.Дана: Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

  1. Алида: Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі,

Соғылған ол алтыннан

Әліппе – білім бесігі.

  1. Рахат: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

  1. Р.Аружан: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп  саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.

  1. Жадыра: Әліппеден бастаған

Білім жолын ғалым да.

Әліппені ашпаған

Жоқ өмірде дарында.

  1. Данияр: А-дан бастап оқыдық,

Аяқтадық я-мен,

Маржандай қып жазуды

Жаза аламын сиямен.

  1. С.Аружан: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

  1. Салима: Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті әкем менен анам бар.

Сондықтан да келешегі елімнің,

Біз бақытты, біз бақытты балалар.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Салима, Саяхат, Е.Дана, Алмат.

Би: Вальс

Көрініс: «Кім неден күшті?»

Әліппе: Жарайсыңдар балалар, өнерлерің өрге жүзсін.

Енді мыа жұмбақтарды шешіп көрейік.

  1. Екі тіреу,

Басқышы біреу.

Бұл қай әріп? (Н)

  1. Арқасын тіреп жабысып,

Екі Р қабысып,

Бұл қай әріп? (Ф)

  1. Сақинаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп (О)

Мұғалім: — Балалар әліппенің атасы кім?

  • Әліппеден қанша әріп үйрендік? 42
  • Оның ішінде дауысты дыбысы қанша? 15
  • Дауыссыз дыбысы қанша? 25

Ән: «Әліппе». Орындайтын Халелина Алида.

Әліппе: Өте жақсы балалар, ал осы әріптер туралы не білесіңдер?

  1. Аружан: Ә – әтеш әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

  1. Салима: Г – гүлдердің жұпарын

Рахаттана жұтамын.

  1. Рахат: Ғ – ғарышкер ағамды,

Көрдің бе сен ғаламды.

  1. З – зымыран алыста,

Көтерілді ғарышқа.

  1. Диляра: Й – йод дәрі кәдімгі,

Тыяды аққан қаныңды.

  1. Р.Аружан: И – ие керек итке,

Ине керек жіпке.

  1. Данияр: Н – нан болса ойнап-күлеміз,

Нан болса еркін жүреміз.

  1. Ө – өрік көктемде гүлдейді,

Кешігуді білмейді.

  1. Алида: У – уық бұл иілген,

Көргің киіз үйімнен.

  1. Жадыра: Ұ – ұя, ұя, ұялар,

Тоғай ішінде ұя бар.

  1. Н.Дана: Ү – үй құсы үйректі,

Жүзуге кім үйретті?

  1. Айдана: Ы – ыдыс тұр үстелде,

Жу асыңды ішкенде.

  1. Е.Дана: Х – хат жаздым сағынып,

Атам жүр ғой қамығып.

Әліппе: Жарайсыңдар балалар, мені жақсы меңгеріпсіңдер.

Ән: «Біз өнерпаз баламыз». (Диляра, Рахат, Алида, Саяхат)

Би: Қазақ биі.

Мұғалім:  Балалар, біз әліппемен қатар математика пәнін меңгердік. Ортаға математика пәнін шақырамыз.

Математика:  Меруерт.

Есептеуге жүйрік болғың жасыңнан.

Математикаға орын берсең басыңнан.

Досың болат табылатын қасыңнан.

Балалар, мен сендерге санауды, есеп құрастыруды, шығаруды, көптеген қызықты математикалық жұмбақ шешуді үйреттім. Сендер енді ,мені қалай меңгердіңдер, көрсетіңдер.

  1. Тура, кері санау.
  2. Санамақ айту

1 дегенің  бесігіңді түзедің

2 дегенің – Егеменді ел дедің

3 дегенің – ана тілім асылым

Басқа тілден мәртебесін асырдың.

4 дегенің  — төреліктен таймаған

Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған.

5 дегенің – берекелі еліміз,

6 дегенің – айбынымыз асырған

7 дегенің – жеңіс келді еліме

8 дегенің – салт-дәстүрі қалмаған

9 дегенің – Тоқтар ұшты ғарышқа

10 дегенің – озып келіп бәйгеден,

Орындалсын барлық арман ойдағы.

Ән: «Он саусақ». (Н.Дана, Р.Аружан, Алида, Жадыра)

Көрініс: «Үш жалқау»

Ән: «Төлдер» (С.Аружан, Данияр, Айдана, Рахат)

Мұғалім: Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар, солар орындалсын.

  1. Алида – Мен есепші боламын.
  • Мен барлық жұмысшыларға дер кезінде, жеткілікті етіп, айлықтарын беруді қарастырар едім.
  1. Рахат: — Мен әкім боламын.
  • Барлық қала, ауылдағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
  1. Е.Дана: Мен Білім министрі боламын.
  • Мектептердегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
  1. Аружан: Мен дәрігер боламын.
  • Кез келген аурудың алдын-алып, балалардың денсаулығына көп-көңіл бөлер едім.
  1. Алмат: Мен – Біліммін.
  • Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірибе қажет. Ендеше, осы Әліппеден алған білімдеріңді одан әрі толтырып, армандарыңа жетіңдер.

Әліппе: Жарайсыңдар балалар. Мен сендерге ризамын. Менің кететін уақытым таяу. Менімен дос болғандай, енді ана тілін сүйіп оқыңдар. Менің сендерге батам бар:

Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекте бейімді болыңдар.

Ақ жол болсын қарақтарым

Айдай болсын қабақтарың,

Күнделіктерің 5-ке толсын. Әумин!

Мұғалім:  Балалар, Әліппе бізге көп нәрсе үйретті. Әліппеге не дейміз?

Оқушылар: Әліппеге рахмет.

Хор: «Әліппе» әні.

Би: «Қара жорға» (Рахат, Алмат, Салима, Аружан).

Әліппе:  Ал балалар, қош сау болыңдар!

Менің орныма ана тілі келеді.

Оқушылар:  Қош, сүйікті Әліппе!

Ана тілі: Балалар, мен ана тілі пәнімін. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегі, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып, мені ұқыпты оқысаңдар, көп нәрсе үйренесіңдер.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі – пәнімен

Ана тілі – елдігім

Ана тілі болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Мұғалім: Балалар, ана тіліне не айтамыз?

Оқушылар: Рахмет! Оқимыз! Жазамыз!

Мұғалім: Осы оқушылардың арасында Қазақстанымыздың келешегі, болашағы, мемлекетіміздің келешек президенті, депутатары, халық қалаулылары бар. Олар қай маман иесі болмасын келешекте егеменді еліміз – Қазақстан Республикасының нағыз азаматы болатындарына үлкен сенім артамын.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып-оқитын халге жетті,

Құтты болсын, қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын!

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор мықты болсын!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

  • Кезегін мектеп дирекциясына береміз.
  • Ата-аналарға сөз кезегін береміз!