Достардың күн тәртібі
Достардың күн тәртібі
Сабақтың тақырыбы: Достардың күн тәртібі
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі – балалардың бос уақытын үнемді пайдалануға білімін шыңдаймыз.
- Дамытушылық – оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б.
- Тәрбиелік – оқушыны досын сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға,сабырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: Орыс тілі, дүниетану
Сабаққа қажет көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, деңгейлеп бағалау таңбашалары т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір қай сабақ? Қазақ тілі сабағы. Қолдарымызды ұстап, шеңбер жасап, мына өлең жолдарымен сабағымызды бастайық:
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап
Сабақты енді бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?
- 4 тапсырманы жатқа айту. (5 мин.)
- «Уақыт» модулі бойынша өткен сабақтарды тиянақтай отырып достарыңның білімін өздерің тексеріңдер. Мысалы: Бір жылда неше ай бар? т.б.
- Бір жылда 12 ай бар.
- Бүгін қай күн, балалар?
- Күн ретін дәптерлеріңе жазайық.
- Енді демалып алайық.
Сергіту жаттығуы:
Қоян, қоян тұршы,
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы.
Шашыңды тарашы
Киіміңді киші
Мектебіңе қарай жүрші
Орныңа отыршы
Сабағыңды оқышы!
ІІІ.Жаңа білім беру
- Балалар, осы қоян бүгін бізге жалғыз өзі келмепті өзінің досын алып келіпті. Қане қоянның досымен танысайық.
- Бүгін сабақта осы екі достың күн тәртібімен таныс боламыз. Қане мұқият суретке қарайық. Қонжық пен қоян не істеді? (Оқушылар слайдтағы суреттерге қарап жауап берді, оқыды)
Мұғалім 3 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
- 2 деңгей тапсырмасы сурет бойынща әңгіме құрау.
– 3 тапсырмада реттік сан есімдердің жұрнақтарын еске түсіре отырып дәптерлерімізге сан есімге – ыншы, — інші, -ншы, -нші жұрнақтарын жалғай отырып жазайық.
Мұғалім 2 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
- Оқушылар тақтадағы керекті сөздерді пайдалана отырып, Қоян мен ая сияқты сендер де достарыңмен өткізетін күн тәртіптеріңнің ретін айтыңдар.
- Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Жұмбақ.
Тық – тық ұрып,
Шегесін қадап,
Мезгілді саған,
Айтады санап.
(сағат)
- Ал балалар «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік. Тақтадағы берілген уақыттың бірін таңдап 1 сөз тіркесі немесе 1 сөйлем құрастырыңдар.
Мұғалім 1 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
- Енді арамыздан көшбасшыны таңдайық. Тақтадағы кестеге бағаларды жазайын. (Құттықтадық)
Қорытынды:
- Ал, балалар қоян мен аюды неге достар деп айтады?
- Өйткені олар бірге ойнайды, бірге сабаққа барады тату жүреді т.б.
Бізде аю мен қоян сияқты достарымызбен бірге уақытымызды қызықты өткізейік, қамқор болайық.
Балалар, біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады олар бір- бірімен тату дос. Осы достығымыз жалғаса берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.
Үй тапсырмасы:
75 бет, 4 тапсырманы жаттау
Сау болыңдар!