Біз бақытты балдырған
Тақырыбы: Біз бақытты балдырған
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.
1.
Экранда «Біз бақытты балдырған!» тақырыбы жазылады. Оқушылар қонақтарды қарсы алып, көрермендер орнына жайғастырады.
2.
Музыкамен экранда заставка 4 арнасына ауысады. Оқушылар бірге: Сіздермен бірге 4- каналы. Орындарына отырады.
3.
Жаңалықтарды білдіретін музыка ойналып, экранда жаңалықтар заставкасы шығады. 1 қыз бен ұл шығып, қағаздарын орналастырып, жүргізушілер орнына келіп отырады.
Әділбек: Қайырлы кеш!
Мадина: Эфирде жаңалықтар!
Әділбек: Студияда Мадина Мусина
Мадина: және Әділбек Самигуллин
Әділбек: Бүгінгі күннің басты жаңалығы 4-сыныптағы бастауыш мектеппен қоштасу кеші болмақ. Кеш болып жатқан орыннан репортаж. Степнов мектебіне барған біздің корреспондентіміз Ақбота Батырбекова баяндайды. Ақбота….
Ақбота: Әділбек…
Әділбек: Ақбота…
Ақбота: Әділбек… Қайырлы кеш, құрметті көрермендер! Біз Степнов мектебінде, қандай да бр кабинетте, кеш өтіп жатқан орындамыз. Бұл жерге бастауыш сынып түлектері мен ата-аналар, көптеген қонақтар жиналған. Кештің басты кейіпкерлері бастауыш сынып түлектерінен интервью алудың сәті түсті. Өтінемін ….
(Ғыйлымбек , Алтыншаш бастауыш сыныптан біліп тоқығындарын айтады)
(Ең соңында Құралайдан алады. Құралай салем жолдауды сұрайды. Микрафонды коррерпондент қолынан алып кетеді. Корреспонент қайтадан тартып, «жеткілікті, жеткілікті» деп кете береді)
Ақбота: бүгінгі кештің кейіпкерлері өте әдемі. Тіпті, бастауыш мектепті емес, орта мектепті бітіріп жатқандай әсер аласың. Барлығы да өте көңілді. Бұл кеш ән, би -жырмен жалғасын таппақ! Түлектерге сәттілік тілеймін! Менде әзірше осы. Әділбек… (шнурды ажырату)
Әділбек: Рахмет, Ақбота. Біз одан әрі жалғастырамыз. Сонымен, бүгінгі басты жаңалық 4-сыныптың бастауыш мектеппен қоштасу кеші. Бұл балдырғандар 1-сынып табалдырығын 2009 жылы аттаған еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты білім алып, аяқтап, жоғары сыныпқа өткелі отыр.
Мадина: Бар жоға 6 ай уақыт ішінде әріп танып, әліппемен қоштасты. Оқуды, жазуды үйренді. Сурет салу, тігін тігу, спорт мен музыкаға төселді. Ағылшын тілі мен орыс тілін де меңгерді. Бұл жолда мұғалімдер Арайлым Талапқалиқызы, Шынар Жақсылыққызы, Бақыт Шаймарданқызы, Қанипа Ермекқызының еңбектері зор.
Әділбек: 4 жыл бойы еңбектенді. Ал 4 жыл деген бұл 2904 сабақ, 102 сынып сағаты, 2433 шулы да қызықты үзілістер, тау-тау оқылған кітаптар мен жазылған дәптерлер, көптеген конкурстар мен жарыстар, мерекелік шаралар, реніштер мен достасулар.
Мадина: Иә, оңай болмаса керек.
Әділбек: Дегенмен, ешкім де артта қалмай, бастауышты түгел аяқтап шыты емес пе?
Мадина: Иә,иә! Онымен қоса сыныптың жетістіктері де аз емес екен. Ал,қазір назарларыңызға «Қызықты бастауыш» атты фоторепортажды ұсынамыз.
Әділбек: Бізде әзірше осы. Әдеттегідей, жаңалықтар соңында ауа райы. Ақмарал Сарсенғалиева таныстырады.
Мадина: Ал, біз сіздермен қоштасамыз. Келесі кездескенше күн жақсы!
4.
Экранда ауа райының заставкасы шығады.
Ақмарал: Кеш жарық! Эфирде ауа-райы! Бүгінгі кешкі ауа райы мерекелік көңіл күйдің әсерінен жылы болмақ. Дегенмен, бастауыш сыныппен мәңгі қоштасқалы отырғандықтанда болар, аздап күн бұлттанып, жаңбыр сіркіреуі ғажап емес. Синоптиктердің болжауынша, жазда күн күлімдеп, демалыс күндеріне қолайлы болады. Балалар мен қыздар өсіп, есейеді. Ал, күзде 5-сыныпта төгетін маңдай терден аздап дымқыл тартады. Дегенмен тер бұл-көз жасы емес. Көз жасымен ауа райын бұзбас үшін синоптиктер жаз бойы көп оқып,дайындалып, көбейту кестесін қайталап отыруды ұсынады.
Сіздермен бірге болған Ақмарал Сарсенғалиева. Келесі кездескенше!
5.
Экранда «Денсаулық» заставкасы. Жүргізушы шығады.
Рыскүл: Қайырлы кеш, сіздермен бірге «Денсаулық»бағдарламасы және оның жүргізушісі мен, Рыскүл Жұмабаева. Бүгінгі бағдарламада бастауыш сынып түлектерінің денсаулығы жөнінде сыр шертпекпіз. Осы орайда студиямызға мектебіміздің медбикесі Рая Утешқызын шақырған болатынбыз. Қош келдіңіз, Рая Утешқызы.
Дәрігер: Сәлеметсіздер ме!
Рыскүл: Денсаулығы жақсы жандардың оқуға да, еңбекке де қабілеті жоғары болатыны белгілі. Сондай жандар қатарына биылғы бастауыш сынып түлектерін жатқызуға болады. Оқуға да, еңбекке де белсене араласқан бұл түлектердің бойлары да өсіп, үлкейді. Диаграммаға көз жүгіртсек. 2009 жылдың қыркүйек айы мен осы жылдың мамыр айындағы бой ұзындықтарының айрмашылығы байқалады. Әрине балалар 4 жыл бойы тек сабақ оқып қойған жоқ, спортпен айналысты, еңбекке араласты және де жазғы демалыс лагерінде болды.
Осы жылы да балаларды жазғы демалыс лагері күтіп тұр. Лагерьдің әрбір күнін денсаулыққа пайдалы боларлықтай етіп қалай өткізуге болады? Бұл жөнінде студиямыздың қонағы Рая Утешқызының ақыл-кеңесін тыңдасақ. Өтінемін…
6.
Эфирде музыкалық үзіліс. Ұнаса, ұнаса, біздің сынып ұнаса. (носса-носса)
7.
Эфирде КҮЛЕГЕШ бағдарламасы.
*Бейнелеу өнері сабағында
*Математика сабағында
*Дүниетану сабағында
8.
Эфирде «Ата-аналар, сіздер үшін!» Өзекті тақырыпқа арналған бағдарлама
Жүргізушісі: сынып жетекші Арайлым Талапқалиқызы.
(болашақ 5-сынып оқушыларының ата-аналарына кеңестер беру, ашық хаттар ұсына отырып құттықтау, алғыс білдіру)
9.
«Біз, бақытты балдырған» концерттік бағдарлама.
***
«Гүлдермен би» композициясымен ашу
***
Таңшолпан:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Алтыншаш:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін, шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
Ақмарал:
Қош бол, құтты Бастауыш,
Алғыстарым көп менің.
Ақыл-білім тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Құралай
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық!
***
Ән: ЧУНГА-ЧАНГА. Муканова Алтыншаш
***
Алтыншаш: «Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әртүрлі номинацияларда сіздерді марапаттауға рұқсат етіңіздер.
Құралай:
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңілінің хошынай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің бастық осындай.
Әділбек: «Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен мектеп директоры марапатталады.
Таңшолпан:
Қамқор болып жүреді
Қасымызда қашанда-ай
Ақ ниетті кең пейіл,
Әзілхан ағай осындай.
Мадина: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі марапатталады
Кубей:
Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Ақмарал апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
Әділбек: «Ұйымшылдығы үшін» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі марапатталады.
Жасқайыр:
Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Анаргүл апай, ризамыз өзіңізге,
Сәлеміміз сізге алыстан құралады
Мадина: «Мейірімді тәрбиеші» номинациясымен Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі марапатталады.
Ақмарал:
Қанипа апайға біз сендік,
Шетел тілін үйрендік
Ағылшынша жазып та ,
Біз сөйлеуді үйрендік.
Әділбек: «Инабатты» номинациясымен Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.
Ғыйлымбек:
Читать и писать на русском
Нас научила она
Это наша царица
Бакыт Шаймардановна
Мадина: «Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.
Таңшолпан:
Мейірімді дәрігері мектептің,
Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
Рая апай, бас иеміз сізге де,
Салауатты өмір салтын жыр еткен.
Әділбек: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі марапатталады.
Мадина: «Смак» номинациясымен біздің құрметті аспазшысы Сара апай марапатталады.
Алтыншаш:
Білімнің байыбына барып терең,
Арайлым апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Әділбек: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы марапатталады.
Таңшолпан: Құрметті: Арайлым Талапқалиқызы!
Толқып, қорқып төрт жыл бұрын
Мектепке біз келгенбіз,
Қоңырауды алғаш естіп
Сыныпқа біз енгенбіз.
Сыныптың алғаш мұғалімі
Өзіңізді көргенбіз,
Жақсы оқып тәрбиелі
Болуға серт бергенбіз.
Кубей:
Болашақтың үлкен жолын
Сізден сызып бастадық
Еркеліктің, жалқаулықтың ,
Көп түрін біз тастадық.
Жылы сөзбен қарсы алып
Бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі пәнді
Біраз шаршап қалдыңыз.
Құралай:
Әр отбасы еркесінің
Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын
Көтеріп сіз жүрдіңіз.
Алтыншаш:
Біз қаншама көп болсақ та
Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді
Оқуға да жарадық.
Түрлі – түрлі пәндерді де
Оқитын болдық ержетіп
Қателік болса жіберген
Түзетелік тездетіп.
Ақмарал:
Мықты менің ұстазым
Мінді өзімнен іздейін,
Қалыс қалсам, қиналсам
Ұстазымнан көрмеймін.
Жасқайыр:
Тәртіп бұзсақ өзіңізден
Кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді
Мақсат етіп шыңдаймыз.
Ғыйлымбек:
Алтын ұя мектеп рухын
Даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып
Арманға біздер жетеміз.
Төрт жыл бойы тынбастан
Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып,
Бүгін міне, түлеттіңіз!
Барлық оқушылар қосылып:
Сүйікті біздің ұстазымыз…
Айтамыз біз рахымет
Денсаулық тілеп, бақ тілеп,
Аброй, атақ, бәр жақсыны
Тілейді Сізге, жас түлек.
***
Ән: ҰСТАЗЫМ. Гинатуллиев Кубей, Сарсенгалиева Ақмарал
***
Би. Алтыншаш пен Ғыйлымбек
***
10.
Эфирде ЖАҢАЛЫҚТАР.
Мадина: Кеш жарық!
Әділбек: Біз жаңалықтардың төтенше шығарылымын бастаймыз.
Мадина: Шұғыл түрде келіп жеткен ақпараттарға сүйенсек, 2013 жылдың 25 мамырындағы педагогикалық кеңестің шешімі бойынша 4-сынып оқушылары келесі 5-сыныпқа көшірілді.
Әділбек: Қуанышты кештің өтілу барысын бақылап жүрген біздің корреспондентіміз Ақботаға сөз берсек. Ақбота….
Ақбота: Әділбек… тағы да кеш жарық, құрметті көрермендер! Бүгінгі жаңалықтың басты тақырыбына айналған бастауыш сыныпппен қоштасу кеші өте әсерлі өтіп жатыр. 4 жыл бойы бірге болған жанашыр ұстазы Арайлым Талапқалиқызы не дер екен. Өзінен сұрасақ. –Арайлым Талапқалиқызы …
(оқушыларды құттықтау, портфолиолары мен естеліктерді тапсыру)
Ақбота: Ал, қазір НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Салтанатты сағатқа кезек келді. Болашақ 5-сынып оқушыларының салтанатты түрде ант беруіне құлақ түрейік құрметті көрермендер!
***
Бәрі:
- Орта буын қатарына қосыла отырып, салтанатты түрде ант етеміз!
Ғыйлымбек:
- Тақта алдында бірде-бір сұрақты қалт жібермей, үздік қақпашыдай тұруға;
Жасқайыр:
- Мұғалімдерді қайнау температурасына дейін жеткізбеуге;
Құралай:
- Жылдам да ширақ болуға, бірақ дәліздегі жылдамдықты 60км/ сағаттан асырмауға;
Алтыншаш:
- Білім теңізінде түбіне дейін сүңги отырып, тек жақсы жүзуге;
Таңшолпан:
- Ұстазымның сеніміне лайық болуға;
Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Ақбота: бүгінгі кештен айтарым осы. Ақбота Батырбекова, Артур бақтыгереев. Арнайы 4 арна үшін
Әділбек: Рахмет Ақбота. Тағы да шұғыл жаңалық. Акт залында шай дайын!
Мадина: Бүгінше осы. Біз сіздермен қоштаспаймыз. Акт залында жүздескенше!
11.
Музыкалық салем. Хор «Ақ тілек»