Рационал теңдеулерді шешу
Пәні: Алгебра Сыныбы 8 «Б» Күні 18.12.14ж
Мұғалімнің аты-жөні: Сафинова Загипа Базылбековна
Сабақтың тақырыбы: Рационал теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты: Рационал теңдеулерді әртүрлі түрлендірулерді қолданып, шешу жолдарын түсіндіру.
Білімділік: Рационал теңдеу ұғымын беру,олардың шешу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін, танымын дамыту. Өз бетінше есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұйымшылдығын, белсенділігін арттырып, шапшаңдыққа,дәлдікке,табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Әдіс тәсілдері: СТО технологиясының элементтері,топпен жұмыс,
сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Тест,кесте парақшасы,слайд,бағалау парақшасы.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту (Ұйымдастыру бөлімі)
а) Сәлемдесу, тазалыққа мән беру, оқушыларды түгелдеу
б)Топқа бөлу (Оқушыларды фигуралар арқылы төрт топқа бөлем)
в) топ басшысын сайлаймыз
Слайд көрсету
Үй тапсырмасын тексеру
№ 342 теңдеудің түбірлерін табыңдар
1) Жауабы(0:1)
3) Жауабы(1:-0,5)
Ой шақыру. 1) Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу дейміз?
2) Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?
3) Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?
ІІ. Мағынаны тану. Р(х)/Q(х)= 0 түріндегі берілген теңдеулер, мұндағы Р(х), Q(х) – көпмүшелер
1-мысал: 3х-2 = 2(х+1) +5 теңдеулерді рационал теңдеулер деп атайды.Бөлшектердің бөлімдері 0-ге тең болмауы керек. Мүмкін мәндер жиыны ММЖ.
ІІІ. Миға шабуыл. (Оқулықпен жұмыс)
№ 343 (2) (3)
Жауабы 2) (-3:7) 3) (12)
ІV. Семантикалық карта толтыру
Теңдеулер | Толымсыз квадрат теңдеу | Толық квадрат теңдеу | Келтірілген квадрат теңдеу |
4х2-5=0 | |||
2х2+3х-14=0 | |||
7х2=0 | |||
5х2-4=0 | |||
3х+5=0 | |||
х2-4х+5=0 | |||
х2=0 |
- Сәйкестендіру тесті орындау
Д>0 Х= — в / 2а
Д=0 Түбірлері жоқ
Д<0 2-шешімі бар
- Үйге тапсырма
VII. Бағалау. Сабақты қорытындылау