Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия
Сабақтың тақырыбы: Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия
Мақсаты: Осы заңдылықтардың бәрін қолдана білуге үйрету.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі — түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ.
Композицияға бірінші тоқталамыз. Ол үшін ою түрлерін бірнеше қылып жасап аламыз. Түрлі — түсті матаға ою-өрнектерді түр үйлесіміне қарай орналастырамыз. Бұл жерде біріктіру композиция деп аталады.
Колорит. Түс үйлесімділігіне көп көңіл бөлінеді. Ақ-қара, жасыл — сары, көк-қызыл. Өздерің таңдауларың керек.
Ырғақ. Енді түр үйлесіміне қарай біріктірілген жұмыстарды реттеп орналастыру, бөлшектердің қайталанып отыруы.
Симметрия. Дайын бөлшектердің табандары тепе-тең болуы керек. Сонда біздің жасаған бұйымымыз әдемі де, сәнді шығады.
Сарамандық жұмыс.
Композиция, колорит, ырғақ, симметрия заңдарын қолданып, жұмысыыс жүргізу.Бірінші бұл жұмысты қағазда орындаймыз. Нәтижесінде әдемі, сәнді шыққан жағдайда ғана матаға орындауға кірісеміз.
Көлемі 60х40 см сырмақ жасау
Тексеру, салыстыру.
Үйге тапсырма: Өтілген тақырып бойынша үйде жалғастырып тігіп келу.