Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Қазақ тілі
4 сынып
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: Дыбыс және әріп туралы 3 сыныпта алған білімін еске түсіре отырып, дауыссыз дыбысқа к, қ, п — ға аяқталған сөздерге – дауысты ы, і, у – жалғағандағы өзгерісті еске түсіру л, р дыбыстарының сөз басында жазылуы мен айтылу ерекшелігін есте сақтау.
Сабақтың көрнектілігі: Сурет, кеспелер
Әдісі: сұрақ- жауап, Венн диаграммасы, талдау-жинақтау, «Дұрыс – бұрыс» ойыны.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Жаз бойы демалып, күш жинадық, жаңа оқу жылын бастайық.
Қызығушылықты ояту.
«Адасқан әріптерді орнына қой» атты ойын.
І, Л, Ә,П, Е, П – әліппе
М, Ғ, І, А, Ұ, Л, М – мұғалім т.б.
(Ойын жылдамдыққа ойналады)
3 сыныпта оқығанды еске түсірейік.
- Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар туралы білетіндеріңді ортаға салайық.
Венн диаграмасын құру (тақтада)
Дауыссыз дыбыстарға Венн диаграммасын құру
- Кеспелермен жұмыс
Қалып қойған әріпті қойып жаз. Оның түрін ата.
ІІ Мағынаны тану.
- Сурет бойынша әңгімеле «Білім күні»
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.
Мектеп + ( і ) = мектебі
Есік + ( і ) = есігі
Өзгерген себебін түсіндіріңдер.
2-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Түнегіміз сөзінің түбірі неге өзгерді, түсіндір. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды топтап жазу.
3-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, көпнүктенің орнына тиісті әріпті қой. Каһарман сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Сергіту сәті.
Білім туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріңдер, «Кім тез?».
4-жаттығу.
Л және Р дыбыстарынан басталатын сөздерді бір бөлек жазыңдар. Олардың айтылуы мен жазылуында ерекшелік бар ма?
Ереже
Л, Р дыбыстары сөз басында келсе, айтылуында олардың алдында ы, і, ү, ұ дыбыстары естіледі, бірақ олар жазылмайды.
Кейбір сөздерде і, ы – л, р алдында жазылады. Ол сөздерді еске сақтайық.
Кеспеде «дұрыс-бұрыс» жазылған сөздер (ырыс, ілгек, лақ, ылақ, рімшік, ірімшік т.б.).
- Қазір мен сөздерді көретіп отырамын сендер дұрысын жазыңдар.
- Қане тексерейік. Қателерін түзеп, дұрыс жазылуын есте сақтайық.
ІІІ Ой толғаныс (сұрақ — жауап)
- Қандай сөздерде і, ы – л, р дыбыстарының алдында жазылады? (ырыс, ілгек, ірімшік т.б.)
- Қатаң, ұяң,үнді дауыссыздарды ата
- Жуан дыбыстар кездесетін сөздерді ата
- Жіңішке дыбыстардан тұратын сөздерді ата
- к, қ, п — ға аяқталған сөздерге – дауысты ы, і, у – жалғағанда сөз неге өзгеріске ұшырайды? (М: қап + ы – қабы – себебі ілгерінді ықпал т.б.)
ІV Қорытынды.
- Нені еске түсірдік.
V Бағалау.
VІ Үйге тапсырма.
4-жаттығу 4 бетте.
Қолданылған әдебиеттер:
- Оқулық «Қазақ тілі» 3,4 сынып.
- Әдістемелік құрал «Қазақ тілі» 3,4 сынып.
Авторлары: Ж. Қ. Балтабаева
М. Қ. Солтанғазина
Ф. С. Лекерова
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Қаратал бастауыш мектебі,
Саулембекова Айғаным Оразқызы
бастауыш сынып мұғалімі.