Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу; өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту; оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу. Слайд1
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,сызба,слайд
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- Балалар біз қазір бәріміз орнымыздан тұрып мына өлеңді айтып көрейік:
Қарлығаш боп ұшамыз,
Көкке қанат қағамыз
Аспанда біз қалықтап,
Ұшып-ұшып аламыз.
- Ал енді естеріңе сақтаған өлеңді дәптерлеріңе көшіріп алыңдар.
- Өлең ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
- Енді маған айтыңдаршы қандай құстарды,құрт-құмырсқаларды білесіңдер?(оқушылар атап береді).
- Өте жақсы сендер біледі екенсіңдер.
- Жаңа сабақ.
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың аты:Құмырсқа мен көгершін.Слайд2
Оқулықпен жұмыс.
а) Әңгімені мұғалімнің оқуы.
ә) Оқушылардың оқуы.
б)Тізбектей оқыту
в)Сөздік жұмысы: сусап — шөлдеп
г) Слайд3
Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
- Әңгіме не жайында айтылған?
- Құмырсқа қайда келеді?
- Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
- Құмырсқа көгершіннің көрсеткен жақсылығын қайтарды ма?
Сурет бойынша әңгімелеу. Слайд4
62, 63-жаттығулар орындалады.
Сергіту сәті.
Қосымша тапсырма:
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып мақалды оқу. Мақалдағы жұп дауыстыларды табу.
К..та.. алт..н қа..ы..а.
Өн..р ал..ы қы..ы.. т..л.
Ұйқасын тап. Слайд5
Толықтыру тесті.
Білмейтұғын ұзауды,
Шақырамын …. —► бұзауды
Оқушыларға дауысты дыбыстардың астын сызу тапсырылады.
Сәйкестендіру тесті.
Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін қойып, сәйкестендір(бағыттарын көрсет).
сызғ…ш
кірп…ш і
өш…рг…ш
қ…рғ…ш ы
…лг…ш
с…йл…қ
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.