Р р дыбысы мен әрпі
Р р дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: оқушыларды Р р дыбысымен таныстыру.Буындық,
дыбыстық талдау жасату, р дыбысын сөз ішінен
бөліп алып жеке дыбыстату, дауыссыз дыбыс
екенін аңғату. Мазмұнды суретке қарап, сөйлем
құрата отырып, оқушылардың білімі мен тілін
дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке,
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, ойын арқылы.
Көрнекілігі: кеспе әріптер,
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу. 2)Оқушыларды түгендеу.3) Оқу құралдарын түгендеу. 4) Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.
Психолоиялық дайындық.
- Үй тапсырмасын тексеру,
1) «Сыйқырлы алма ағашы» ойыны.
— Балалар, қазір қай мезгіл?
— Күз мезгілі.
— Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
— Жемістер піседі.
— Міне біздің бағымыздың алмалары да пісіп жерге түсіп қалыпты, қане осы жемістерді теріп алайық.
— Балалар, бұл алмалар оңайлықпен жұлынатын емес, олардың әрбіреуінде сендерге арналған сұрақтары бар екен, сол сұрақтарға жауап берген оқушылар ала алады екен.
— Кәнекей, кім жауап береді?
1- алма: Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2- алма:Ғ дыбысы қандай дыбыс?
3- алма: Ғ дыбысына байланысты қандай сөздерді білесің?
4- алма: Ғ дыбысына сөз ойлап, буынға бөл.
5- алма: Ғ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
6- алма: Ғ дыбысына сөз ойлап дыбыстық талдау жаса.
2) Ғ ғ дыбысына берілген сөздерді оқыту, мағыналарын сұрау.
- Жаңа сабақ.
— Балалар, сендерге мен үш жұмбақ жасырамын, кімнің тапқыр екенін байқайық.
1- жұмбақ:
Қорапқа қамалып,
Айтары жаңалық.
- Балалар, кәне менің осы жұмбағымның жауабын кім айтады?
- Радио (Буынға бөліп айтқызу)
- Дұрыс. Ал енді айтыңдаршы, бұл сөзде қай дыбыс бірінші естіледі?
- Иә, Р дыбысы. Олай болса бүгін Р дыбысымен танысамыз (Р дыбысын хормен үш рет айтқызу)
- Тапқырлықтарыңды тағы да байқайын, келесі жұмбақтарымды да шешіп көріңдер.
2- жұмбақ:
Гүлге қонады,
Шырынын сорады.
Түр – түсі сары ала
Бұл не?
- Дұрыс айтасыңдар, жауабы – ара. Енді тағы бір жұибақтың шешуін шешейік.
3- жұмбақ:
Ірі денесі-
Түздің кемесі,
Жонында бір төбесі.
- Бұл қандай жануар? Кейде оны «Шөл кемесі» деп те атайды.
- Дұрыс, олай болса біз бүгін Р р дыбысымен танысайық
- Р дыбысы дауыссыз дыбыс. Балалар Р дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
- Балалар Р дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер, кім айтады? Оқулықпен жұмыс. Бағандардағы сөздерді оқытып, мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс.
- Р р әрпінің жазба түрімен таныстыру.
- Р р әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру.
- Р р әрпін ауада жазып көріп, дәптерге жазу.
- Суреттегі нүктелердің орнына Р р әрпін қою.
4.Сабақты қорыту.
— Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
— Рр дыбысы қандай дыбыс?
— Рр дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?
Рр дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
- Бағалау. Оқушылардың білімін мақтап, мадақтап бағалау.