Баға ,сан,құн шамалары арасындағы тәуелділік
Сабақтың тақырыбы: Баға ,сан,құн шамалары арасындағы тәуелділік
Мақсаты:а) оқушылардың алдыңғы сабақтардан алған білімдеріне сүйене отырып, баға, сан ,құн шамалары арасындағы тәуелділікті түсіндіру, «баға», «сан», «құн»,«тәуелділік » сөздеріне түсінік беру,тапсырмалар орындату арқылы білімдерін толықтыра түсу.
ә) ізденушілік қабілеттерін жетілдіру, ой ұшқырлығын дамыту.
б) Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Көрнекілігі:интерактивті тақта, кестелер, суреттер
Әдісі:түсіндіру, топпен жұмыс, семантикалық карта, сәйкестендіру тесті
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық
Оқып, білім аламыз,
Біз көңілді баламыз.
Математика пәнінде
Тапқыр, алғыр боламыз.
2) Қызығушылығын ояту
«Иә» «Жоқ» ойыны
-Қазақстан бес мемлекетпен шектесе ме?
-Барлық қабырғалары бірдей фигура төртбұрыш бола ма?
-Екі жағынан тұйықталған сызық кесінді деп атала ма?
-Фигураның барлық қабырғасының қосындысы,оның периметрі ме?
-Бәйтерек Алматыда орналасқан ба?
-Тік төртбұрыштың қарама қарсы қабырғалары тең бе?
-2 тәулікте 50 сағат бар десем, дұрыс бола ма?
-Ұлттық валютамыз- теңге.
-1 желтоқсан Тәуелсіздік күні ме?
-Дауысты дыбыстар үшке бөлінеді десем, дұрыс па?
-Төл теңгемізге 25 жыл болды ма?
3) Артық болмас білгенің ( оқушылардан басқа мемлекеттердің ақша өлшемдері туралы сұрау)
Сәйкестендіру тесті
АҚШ
Германия доллар
Қытай рупи
Жапония рубль
Үндістан юань
Франция йена
Ресей евро
Италия лира
Түркия
ІІ.Өткенді пысықтау
Ойлан да , орнына қой. Семантикалық карта
1 кг банан-350 тг 1кг қарбыз- 60 тг 2кг печенье- 320 тг 1 дәптер- 20тг
2кг-?тг 5 кг-? Тг 1кг-?тг 6 дәптер-? тг
Бағасы | Саны | Құны |
Сергіту сәті
«Сөз тапқан» ойыны Әріптерді сөйлету
Таңдалынатын әріптер: А,Б,Қ,Т,С.
Сұрақтар: А Қ
-Ауа райы қандай? -Ұлтың кім?
-Қай қалада болдың? -Ана тілің?
-Отаныңның астанасы қай қала? -Қай елде тұрасың?
-Қай мектепте оқисың? -Математика амалы
-Математика амалы -Қаланың аты
-Таудың етегінде орналасқан қала ? -Есту мүшесі
-Аң патшасы -Желмен көшетін өсімдік
-Адамдар сияқты тісі ауыратын аң? -Су көлігі
-Сыныптастарыңа не тілейсің? -Көпшілікке тілейтінің
ІІІ.Жаңа сабақ
Тақтадан әртүрлі заттарды бағасымен шығарып қоямын. Оқулықтағы 1-3 тапсырмалар бойынша түсіндіремін.
Бағасы | Саны | Құны |
2 тг | 4 | 8 тг |
? тг | 3 | 6 тг |
2 тг | 6 | 12 тг |
ІY. Сөздік жұмысы
«Баға»- заттың құны,нарқы
«Сан»- белгілі бір заттың, құбылыстың есеп мөлшері
«Құн»-белгілі бір затқа тән баға, ақы..
«Тәуелділік» сөзінің мағынасы- тәуелді болушылық, бағыныштылық
Баға Сан Құн
Y.Мағынаны тану. 4-тапсырма бойынша кестені толтыру
5.Сурет бойынша есеп құрасыру Нұсқаулықты сөйлет
- 40 тг- 2 дәптер 60 тг- 3 дәптер
?- тг 1 дәптер-? Тг
- Амалдарды орындау
Бұл тапсырма ойын арқылы орындалады. Есепке жүйрік балалар анықталады.
|
|
|
|
|
|
Тауға кім бұрын шығады? Топпен жұмыс
YІ.Амалдар еліне саяхат
- Тура теңдік шығу үшін «+», «-» таңбаларын және жақшаларды қой
46 9 5 = 50 39 8 53 = 100
91 9 32= 68 65 6 2 = 69
- Теңдеулерді шеш
89+ х = 134 х-29 = 161 х+100 =137
10.Неше тік төртбұрыш бар екенін анықтау. Периметрін табу
1) 6см+1см+6см+1см =14см 2) (6см+1см )*2 =14 см
YІІ.Ұшқыр ой алға жетелейді. ( логика әлемінде)
1)Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Бір адам неше сағат ойнады?
2)Есік алдында бірнеше қозы, лақ жүр.Олардың аяқтарының саны — 24. Неше төл бар?
3)Үш қыз мерекелік үстелге 6 самса сатып алуға келісті. Біріншісі 2 самса, екіншісі 4 самса алды, ал үшіншісі самсалардың орнына 180 теңге ақша қосты. Егер барлық самсалардың бағасы бірдей болса, қыздар ақшаны қалай бөліп алады?
YІІІ. Қорытынды
1)Кесте арқылы жаңа сабақты қорытындылау
Бағасы | Саны | Құны |
?тг | 3 | 9тг |
3тг | 4 | 12тг |
70тг | 4 | ?тг |
? | 3 | 300тг |
2) Сөзжұмбақты шешу
|
1) 4х5
2) 24 :4
|
3) 5х8
4) 100х10
|
5) 100 :2
6) 400:100
|
YІІІ.Үйге тапсырма
ІХ.Бағалау.Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау, бағалау.