Түбір мен қосымшаның жазылуы. Қайталау сабағы. 273-276 жаттығу
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы. Қайталау
сабағы. 273-276 жаттығу
Сабақтың мақсаты: Түбір мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын
түсіндіру.
- Білімділігі: қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермейтінін, кейбір түбір сөздің жазылуы өзгеретінін меңгерту. Түбір сөз бен қосымшаны айыра отырып байланыстырып сөйлеуін жеңілдету. Жаңа технологияларға сүйене отырып, оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.
- Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелілігі: сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
- Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кестелер.
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
1-слайд. Туған тілім.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
2-слайд. Қыс көрінісі.
Балалармен әңгіме.
- Сергіту сәті.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, пәкпіз, тазамыз,
Біз білімді баламыз.
3-слайд.
4-слайд. Білім еліне саяхат. Білім еліне саяхатымыздың басы Мектеп аялдамасынан басталмақ.
III. Үй тапсырмасы. Ой шақыру.
5-слайд. Мектеп аялдамасында үй тапсырмасын тексеру.
6-слайд. Білгірлер аялдамасында сөз құрамы туралы білімдерін тексеру.
.
- Оқулықпен жұмыс. Қызығушылықты ояту.
7-слайд. 273-жаттығу. Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қойып жалғап көшіріп жаз. Өзгерген әріптердің астын бір, жалғаудың астын екі рет сызу.
8-слайд. 274- жаттығу. Көп нүктенің орнына негізгі түбір сөзді тауып жазу.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
- Сергіту сәті.
Кешірімді боламыз,
Жұлдыздай боп жанамыз.
Кішіпейіл боламыз,
Құстай қанат қағамыз.
9-слайд. Мергендер аялдамасының келесі тапсырмасы 275-жаттығу. Жұмбақты жазып, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу. Түбір сөздің өзгеру себебін түсіндіру.
10-слайд.
- Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
- Татулық- т абылмас бақыт.
- Ақыл көркі- тіл,
Тілдің көркі- сөз.
- Мен қазақ баласымын.
Бұтағы-бабасының,
Ұрпағы- атасының,
Шуағы- әжесінің,
Тұяғы- әкесінің,
Тілегі- анасының,
Тірегі- аасының,
Түлегі- даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен- қазақ баласымын. (Е.Өтетілеуов)
Тапсырмалары: Мақал-мәтелдер мен өлеңдегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, олардың өзгеру жолдарына түсінік беру.
- VI. Сабақты бекіту. Кубизм стратегиясы.
VII. Қорытындылау. Балаларды бағалау.
Үй тапсырмасы: 1. 276- жаттығу.
- Сөз құрамы тақырыбындағы ережелерді қайталау.