Төрттен бір бөлік (ширек).
Сабақ тақырыбы: Төрттен бір бөлік (ширек).
Сабақ мақсаты:білімділік:оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін
пысықтап,төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.
Дамытушылық:оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін
дамыту.Тиянақты жауап беруді талап ету.Теорияны
практикамен ұштастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге
тәрбиелеу.
Түрі:жаңа сабақ.
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,т.б.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,доп,кесте.
Сабақ барысы:
І.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
1.Психологиялық сәт:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сәздерге,
Құрметпенен біз!
2 «Тез ойла» ойыны.Доп арқылы 2-нің,3-тің,4-тің көбейту кестесін еске
түсіру.
3.Күн жады, сабақ тақырыбы.
4.Көркем жазу минуты.4 саны мен цифрасы.
II.Операциялық-орындаушылық кезең.
1.«Ұғып ал» .Төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын мысалдар арқылы түсіндіру.
Мысалы: қағазды төрке бөлу.
2.Оқулықтағы № 1 тапсырманы орындау.
3.«Қандай сан?».Бос орындарға тиісті сандарды қою.
4.Тақтамен жұмыс. «Кестемен жұмыс»
5.Сергіту сәті.
Шаршасандар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарынды сермендер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
6.Теңдеулерді шешу.
х 4 = 28 36 : х = 9
7.Есепті шығару.
Әкесі 35 жаста.
Лиза әкесінен 23 жас кіші,
Ал оның сіңілісі 5 жаста.
Лиза сіңілісінен неше жас үлкен?
ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
1.Төрттен бірі боялған фигураларды табу.
2.Қорытынды.
- Біз бүгін ұғыммен таныстық?
- Басқаша қалай атауға болады?
- Мына алманы төртке бөл де, бір бөлігін өзін ал. Алманың неше бөлігі қалды?
- Үштен бір бөлігін Болатқа бер.
3.Бағалау.
4.Үйге тапсырма: 75бет №13