Кімнің мекені жақсы?

Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?    І бөлім

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтін мазмұнын түсіне отырып, әркімнің өз босағасының қасиеттілігін ұғындыру

2.Оқушылардың тіл байлығын жетілдіру.Шығармашылықпен жұмыс жасау іскерлігін жетілдіру

3.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезім орнату,Отансүйгіштікке тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап,сауалнама

Сабақтың көрнекілігі:

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Көңіл-күй ахуалын туғызу

 

ІІ.Өтілген материалды пысықтау

1.Үй жұмысын сұрау

«Кімнің мекні жақсы» мәтіні бойынша 1 бөлімді баяндау

2.Қайталау мақсатында сауалнама жүргізу

  1. «Мен оның күнін сүйем,түнін сүйем» деп басталатын өлең жолдарының авторы кім?

А.Ж.Смақов      Ә.М.Мақатаев      Б.Ж.Смақов

 

2.Ж.Аймауытов шығармасын ата

А.Үш сом     Ә.Зеректік      Б.Қартқожаның туған жері

 

3.Өмірде блған адамның басынан өткен шығарма қалай аталады?

А. Мақал          Ә. Аңыздар   Б.ертегілер

 

  1. «Күн шыққанда» мәтінінде не туралы айтылады?

А.Туған жерді сүю туралы айтылады?

Ә.Кітаптың пайдасы туралы айтылады

Б.Білімнің пайдасы туралы айтылады

 

  1. Ж.Аймауытов шығармасы

А.Кітап оқу

Ә.зеректік

Б.Сақина

 

ІІІ.Жаңа сабақ

Постер құрау «Менің отбасым»

Ой қозғау «Өз үйім-өлең төсегім»

 

«Кімнің мекені жақсы?»  мәтінінің 2 бөлімін дауыстап оқыту

Мәтінге талдау жүргізу

1.Үш кейіпкер өздеріне лайық мекен тапты ма?

2.Мәтіннен көкейіңе не түйдің?

3.Сеніңше кімнің мекені жақсы?

 

ІҮ.Жаттығу жұмысы

Мәтінмен жұмыс жүргізу

 

Мәтінді тізбектей оқыту

 

Сурет бойынша әңгіме құрау

 

Мақал-мәтелдің мағынасын түсіну

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.Әркімнің өз жері-Мысыр шаһары.

3.Бақа көлінде патша.

Балық суында патша.

Жігіт елінде патша.

 

Шағын эссе жазу «Өз елім-өлең төсегім»

 

Ү. Сабақты бекіту

 

Топтастыру «Отан деген немене?»

 

ҮІ.Үйге тапсырма беру

Мәтінді түсініп оқу

 

ҮІІ.Бағалау