Сұраулы сөйлемнің айтылу және жазылуын үйрете отырып,оқушының байланыстырып сөйлеуін меңгерту

Сабақтың тақырыбы:   180-184 жаттығулар

Сабақтың мақсаты: 1.   Сұраулы сөйлемнің айтылу және жазылуын үйрете

отырып,оқушының байланыстырып сөйлеуін

меңгерту.Жаттығу жұмысын орындау арқылы

сызба бойынша сөйлем құруға үйрету.

2.Оқушылардың сөздік қорын молайту,ойын дұрыс

жеткізе білу дағдысын қалыптастыру,шығарма-

машылық ойлау қабілетін арттыру және жазу

сауатын қалыптастыру.

  1.           Адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелей отырып,

өз тілін сүйетін,құрметтейтін тұлға  қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек-сызбалар,венн диаграммасы,слайдтар,сюжетті суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап

                                        САБАҚТЫҢ ЖҮРІСІ:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық. 1-слайд

Қазақ тілім-өз тілім,ан тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым,дара тілім!

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. 179-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.2-слайд. Оқушыларға оқыту. Ереже сұрау.
  2. Үй тапсырмасын бекіту. 3-слайд.

 

 

 

ІY. Жаңа сабақ

     1.Сабақтың мақсатын хабарлау.

2.Күннің жадын ,тақырыпты жазу. 4-слайд

3.Көркем жазу  Сс әрпі,дыбысы.Дыбыстық талдау жасау

4.Оқулықпен жұмыс

180-жаттығу. Ауызша орындау.Өлеңді мәнерлеп оқу, Қ.Мырза Әли  тура-

лы қысқаша түсінік беру. 5-слайд.

 

181-жаттығу.Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазу.

6-слайд.

Толқын кітап алды.Ол көп оқиды.Әжем ауылдан келді.

Сергіту сәті. 7-слайд.

182-жаттығу. Ребусты шешіп,әңгіме құрау. 8-слайд.

Кітапхана

183-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөйлемді   салыс-

тыру. 9-слайд.

Сабақтан кешікпе.Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы

болма.Қар қалың жауды ма?

            Ереже түсіндіру. 10-слайд

Шығармашылық жұмыс 11-СЛАЙД.

Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру

Қасқыр ұлыды.Қар қалың жауды.Анар қалада тұрады.

Венн диаграммасы    12-слайд

Сұраулы және хабарлы сөйлемдерді топтастыру

V.Үй тапсырмасы.Бағалау.