Алғыс. М. Төрежанов.
Сабақтың тақырыбы: Алғыс. М. Төрежанов.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жағдай жасау.
Дамытушылық: танымдық, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: мейірімділікке, еңбекқорлыққа, шыншылдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеміс-жидек суреттері.
Сабақтың барысы:
- Қызығушылықты ояту.
- Тақтаға жеміс-жидектер суреттері ілінген. Оқушылар М. Әлімбаевтың «Бау-бақшада» өлеңін айта отырып, аты аталған жемістер мен көкөністердің атауын теріп жазады. Мысалы:
- Күзде пісті алма,
Алқызылын таңда.
2.Аулада бар бүлдірген,
Жалықпай тер бір-бірден.
- Қарт ұнатып, жас қалап,
Жейтіндері — асқабақ.
- Кәдуілгі помидор,
Витаминді нәрі мол.
- Мағынаны тану.
- Топтастыру.
2.Топырақ
Күн
Адам сөздері бойынша топқа бөліну.
Су
Жер
- «Алғыс» мәтінін әр топ өздеріне берілген бөлім бойынша түсіпіп оқып,
талқылайды. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Мәтін жан-жақты талқыланғаннан кейін мынадай тапсырмалар беріледі:
а) Мәтінге сүйене отырып, дүниетану пәнінен алған білімдері бойынша әр топ өздерінің тобының атауы болған сөздің тіршілік үшін қаншалықты қажеттігін дәлелдейді.
- Өз аттарына сәйкес мақал-мәтел айту.
- Мәтінді рөлге бөліп оқу.
- Мәтін неліктен «Алғыс» деп аталған?
III. Ой толғаныс.
«Алғыс» сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.
- Үйге тапсырма.
Алғыс алған сәттерін әңгімелеуге дайындалу. «Алғыс» мәтінін оқып, мазмұнын айту.