Қой
Сабақтың тақырыбы: Қой
Сабақтың мақсаты: 1. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Оқушылардың өз пікірін білдіруге ойын дәлелдеуге, мәтінді мәтінді жүргізіп оқуға үйрету.
- Ой- өрісін, сөздік қорын байыту, түсініп оқуда білім- білік дағдыларын дамыту.
- Оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдіс- тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, ой қозғау, топтастыру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, интерактивті тақта.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа дайындау.
- Қажетті құрал- жабдықтарын түгендеу, үй тапсырмасын тексеру, еске түсіру.
- Жаңа сабақ.
- Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды топқа бөлу , 1. Ботақандар
- Құлыншақтар
Ребус шешіледі. (Төрт түліктің бірі- қой). Сурет көрсету. Оқушылар өз ойларын топта талқылайды. Топтасып ойды ортаға салады.
Төрт түлік жуас үй жануары
Аша тұяқты пайдалы
Қойдың атаулары: қозы→ марқа→ тоқты→ тұсақ→ саулық.
Мағынаны тану: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу, түсіндіру. Сөздік жұмыс. Инсерт. Түсті алу кестесі. Топта белгілеу.
Түндік — шаңырақты жауып тұратын киіз
Үзік – уық бойынша жабылады
Туырлық – керегені орай айналдыра жабылатын киіз
Ең жақсы сөйлеуші топ. Суретке байланысты өз ойларын айту
Қойдың пайдасы
↓ ↓ ↓ ↓
Еті Майы Жүні Терісі
↓ ↓ ↓ ↓
Жұмсақ Емдікке Текемет киім Былғары
- Ой толғаныс. Кубизм отратегиясы.
- Төрт түлік малды ата
- Қойдың атаулары
- Жейтын шөптері
- Қойдың пайдасы
- Қой туралы не білесіңдер?
- Мақал – мәтел мәйегі:
- Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
- Малды баға биі, бабын таба біл .
Тыйым сөздер. 1. Ақты төкпе
Малды теппе
- Малға теріс мінбе
- Малдың басынан ұрма
- Жалғасын топ ойыны . Әр топқа бір таратпалы қағаз таратылады .
Қойдың төлі —
Қойдың атасы-
Қой қалай дыбыс шығарады ? –
Қойдың жейтін шөбі –
- “Төл шақыру”
Төлдер өріске кетті. Кеш болды. Енді біз оларды қалай шақырамыз.
- Әкім- әукім, шөре- шөре, құрау- құрау. көс- көс.
- Болжам. -Қой жылы туғандар жайлы не деп
— Алған бетінен қайтару қйын.
Болмашы нәрсеге ашу шақырады.
Шешімді асығыс қабылдайды.
- Қорыту: Төрт түлік малдың адам өміріндегі маңызды ата- бабамыздың кәсібімен еңбегін құрметтеу мал шаруашылығына көңіл бөле отырып, еңбекқор азамат етіп тәрбиелеу керектігін айтып қорыту.
- Бағалау 2 топты бағалау, мақтап мадақтау.
- Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, өздері ойша әңгіме жазып, сурет салуды тапсыру.