Сүт қорабынан қалам салғыш жасау.
Сабақтың тақырыбы: Сүт қорабынан қалам салғыш жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қорабынан қалам салғыш жасауға үйрету, оның күнделікті омірдегі қажеттілігін түсіндіру.
Дәлдікке, ойлап жұмыс істеуге үйрету. Есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін арттыру, қол, саусақ бұлшық еттерін дамыту, қауісіздік ережелерін орындау.
Тәрбиелік мақсаты: еңбекті сүюге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Сүт қорабы, қайшы, желім, түрлі- түсті қағаз.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
- Жаңа сабақ:
1- бөлім: « Ұстамен жақын болсаң ісің бітер ».
Жаңа оқу материалын түсіндіру;
Сабақ оқу материалын түсіндіру;
Сабақтың мақсатын, бөлімдерін қайталау.
Үлгі ретінде корсету:
1.Сүттің қорабын алып
- Үш қорапты әр түрлі биіктікте түзеу қию қажет. Ал қалған үш қорап болса, қиғаш кесіледі.
- Қораптың сыртын түрлі- түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
Бір- біріне желімдеп, дайын қалам салғышқа қалам, сызғыш, қарындаш, өшіргіш салып қою.
2- бөлім. « Жеті рет өлшеп, бір рет кес ».
- Жұмбақ жасыру.
Екі семсер айқасқан
Отқа- текте шайқасқан. ( қайшы )
- Оқушылардың қайшымен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін естеріне салу, оны жұмыс барысында қадағалап отыру.
Оқушылармен жұмыс істеу.
- Сүт қорабын алғызып.
- Үш қорапты әр түрлі биіктікте түзеу қию қажет.
- Қалған үш қорап болса, қиғаш кесіледі.
- Қораптың сыртын түрлі -түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш- шебер бала біз,
Төрт, бес, алты- жалқаулық артта қалды.
Жеті, сегіз- білім мен еңбек егіз.
Тоғыз, он- тапсырманы орындау жөн.
3- бөлім: « Ойлан жауап қайтар ».
- Міне балалар сүт қорабынан қалам салғыш жасадық.
- Енді жұмбақбай атанын аулына келдік. Ол кісі сендерге жұмбақ дайындапты.
- Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)
- Өзі- артық, сөзі- әріп. (қарындаш)
- Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзінде құртты. (өшіргіш)
- Жылмаң- жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із- міз тастап кетеді. (ине)
- Кішкене өзі, мың көзі. (оймақ)
- Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе, жоқ тыныш. (қайшы)
4- бөлім: « Шебердің қолы- ортақ, Шешеннің тілі- ортақ ».
Сабақты бекіту, қорту.
- Әр оқушыны еңбегіне қарай бағалау.