Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім. 19–23 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру. Негізгі және туынды зат есімді таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Сөз таптары» картасы, Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жекеше
Көпше Жалқы есім
Жалпы есім
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
- Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру.
- Негізгі және туынды зат есімді таныту.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
———————————————————————
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
19-жаттығу.
- Сөздерді салыстырып оқы.
- Олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа.
- Қосымшалы сөздерді көшіріп жаз.
- Сөз құрамына талда.
өнер – өнерпаз балық – балықшы
күй – күйші көл –көлшік
сый –сыйлық орын –орындық
———————————————————————————————————————-
Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім
дейміз: іскер, байлық, кезекші.
———————————————————————————————————————-
20-жаттығу.
- Өлеңді мәнерлеп оқы.
- Туынды зат есімдерді теріп жаз, олардың түбірін тап.
- «Бармағынан бал тамған» дегенді қалай түсінесің?
Тау мен тасты қопарар Бармағынан бал тамған
Кенші болғым келеді. Аспаз болғым келеді.
Достық сәлем апарар Алар озып бәйгені
Елші болғым келеді. Малшы болғым келеді.
21–жаттығуды орындау.
. Жаңылтпашты жатқа жаз. Туынды зат есімдерді тап.
Шын еңбекшіл – өрмекші,
Өрмекші – шын өрнекші.
22-жаттығу.
- Негізгі зат есімдерге -шы, -ші жұрнақтарын жалғап, туынды зат есім жаса.
- Негізгі зат есімдерді бірінші бағанға, туынды зат есімдерді екінші бағанға жаз.
- Әрбір бағандағы сөздерге сұрақ қой, олардың мағыналық айырмашылығын түсіндір.
Сыныппен жұмыс.
Сөздік диктант
Астық, бұлт, бұрандалар, жиен, жолсеріктер, шатыр, сиыршы, ойыншық, қаршыға, бұлбұл, сушы, жусан, сауыншы, қауыншы.
Тапсырма:
- Туынды түбірлердің астын сыз.
- Сауыншы, ойыншық сөздерін буынға бөл.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Үйге тапсырма: Ереже жаттау . 23-жаттығу