Негізгі және туынды зат есім. 24–30 жаттығулар.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім. 24–30 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру. Негізгі және туынды зат есімді таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың игерген білімді пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар «Сөз таптары» картасы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім
дейміз: іскер, байлық, кезекші.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
ЗАТ ЕСІМ
Негізгі зат есім Туынды зат есім
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
- Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру.
- Негізгі және туынды зат есімді таныту.
(тақтада жұмыс)
Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.
шебер, таза, жақсы, ем, ас, -лық, -лік, -хана
ойын, тал, жаңа, әділ, дос -шық, -дік, -тық
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
———————————————————————
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
24-жаттығу.
- Туынды зат есімдерден негізгі зат есімді ажыратып жаз.
- Негізгі және туынды зат есімдерге сұрақ қой, бір-бірінен өзгешелігін айт.
Адалдық, астық, ұзындық, көрік, жолдас, сызғыш, қырат, өшіргіш, татулық.
25–жаттығу.
- Туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді ажыратып жаз.
- Негізгі және туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлмдер құрап жаз.
27-жаттығу.
- Мақалды жатқа жаз.
- Туынды зат есімді тап, сөз құрамына таллда.
- Туынды зат есімнің түбірі қай сөз табы?
Талант қартаймайды,
Білім ортаймайды.
28-жаттығу. –қыш, — кіш, -ғыш, -гіш, -лық, -лік, -дық, -дік жұрнақтарын жалғап, қандай
зат есім жасауға болатынын айт.
Үлгі: ілгіш, тазалық, …
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Үйге тапсырма: Ереже жаттау . 29, 30-жаттығу.