Жаңбыр Б. Майлин. Бұлбұлдың әні М. Төрежанов
Сабақтың тақырыбы: Жаңбыр Б. Майлин. Бұлбұлдың әні М. Төрежанов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік .Оқушыларды «Жаңбыр » өлеңі мен «Бұлбұлдың әні » әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Табиғатты аялау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер. «Жыл мезгілдері», «Көктем» тақырыбындағы суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
- Оқушыларды «Жаңбыр » өлеңі мен «Бұлбұлдың әні » әңгімесімен таныстыру
- Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
- Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Көктем жауын-шашынсыз болмас,
Жауын-шашынсыз болмаса,
Жасынсыз болмас.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
— Мәнерлеп оқып беру.
— Мазмұнын түсіндіру.
— Өлеңді оқушыларға тізбектей оқыту
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:
- Осының алдында оқылған өлеңдерде жаңбыр туралы не айтылып еді? Мына өлеңде ше?
- Жаңбыр жылдың қай мезгілінде көбірек жауады? Неліктен?
- Жаңбыр жауғанда көл неге көбейеді?
- «Шалғынға» мағыналас сөздер тауып көр.
- Өлеңде қайталанып тұрған сөзді тап. Өлеңді жаттап ал.
Сергіту сәті. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Тамшылар тамшы тамса,
Тағылар таса тапса.
М. Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» әңгімесін мәнерлеп оқу.
— Мәнерлеп оқып беру.
— Мазмұнын түсіндіру.
— Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- Мәтіннен Әбдеш пен жолдасының қайсысының көп білетінін байқадың?
- Әбдешті жолдасы не мақсатпен ызаландырды?
- Әбдештер тоғай аралап жүріп нені көрді? Көрген құстың даусы., түрі қандай еді?
- Ол қандай құс еді‚ неге даусы жағымсыз болып шықты?
- Бұлбұл балалар ұзаған соң неліктен сайрай жөнелді?
- Мәтінге сүйеніп балалардың әңгіме-дүкен құрып отырған жерін суретте.
- Әңгімені рөлге бөліп оқыңдар. Мәтінді бөліктерге бөл‚ ат қой.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Әңгімені түсініп оқу, мазмұндауға дайындалу.