Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О.Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Оқушыларды ерлікке , батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
Көктем мезгілінде 12 сәуір – ғарышкерлер күні
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
ҒАРЫШ. ҒАРЫШКЕРЛЕР (суреттермен жұмыс)
Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагарин
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
— Мәнерлеп оқып беру.
— Мазмұнын түсіндіру.
Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:
- Тұңғыш космонавт кім?
- Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?
- Неліктен ақын ел‚ тарих‚ өлең‚ байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?
- Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген?
- Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін‚ қадірлейтінін қалай бейнелеген?
- Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса‚ егеменді еліміздің тұңғыш
ғарышкері кім‚ ол жайында не білесің?
- Космосқа Гагарин қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше?
- Өлеңді дұрыс‚ мәнерлеп‚ нақышына келтіріп оқы.
- Өлеңде қайталанған сөзді тауып‚ оның әрбір жолдағы мәнісін түсіндір.
Оқушыларды Тұңғыш қазақ ғарышкері туралы мәліметпен таныстыру.
Т. Әубәкіров — ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы-ұшқыш. Ол 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «1 Май» колхозында темір ұстасының әулетінде туған. Тоқтар ата- анасынан жастай жетім қалып, апасының тәрбиесінде болған. 1991 жылы қазан айында ғарышқабірінші рет көтерілген қазақ азаматы.Осы ерлігі үшін оған Халық Қаһарманы атағы берілді.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.