Туған жер
Сабақтың тақырыбы: Туған жер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды «Туған жер» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды жазушылардың туған ел, туған жер туралы жырларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. «Жазушылар» топтамасы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Шығармның авторымен таныстыру.
«Туған жерім─тұғырым, Өскен елім─өзегім»
Пікірлесу: «Туған жер» деген сөзді қалай түсінесің? (Тақтамен жұмыс).
- Картамен жұмыс.
Картадан Қазақстанды тапқызу.
- Қазақстан – егемен мемлекет. (Буклетпен жұмыс)
- Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін шыңдау. Сұрақтар:
-Мемлекетік рәміздерді ата.
-Елтаңба авторларын ата.
-Тудың авторларын ата.
-Гимнің авторларын ата.
|
Оқулықпен жұмыс «Туған жер»
— Мәнерлеп оқып беру.
— Мазмұнын түсіндіру.
— Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.
- Ақын өлеңді еліне арнағанын қайдан білдің?
- Елі ақынға қандай үміт артты деп ойлайсың?
- «Көңілге медеу санайсың» дегенді қалай түсінесің?
- Ақын елін қалай бағалайды? Оны өлеңнің қай жолдарынан байқадың? 5. Ақын еліне ризашылығын өлеңнің қай жолдарында, қалай білдірген?
- Өлеңнің бірінші шумағының соңғы екі жолының мәнісін түсіндір. 2. Ақынның еліне
берген уәдесін білдіретін жолдарды тауып оқы. 3. Өлеңді жаттап ал. 4. Осы өлеңді өзің жалғастырып көр.
Сергіту сәті.
- Өлеңді іштей дұрыс, түсініп оқы.
- Өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді ата.
- Өлеңнің ұйқасы төмендегі қай кестеге сай келетінін тап.
- Өлеңге сай ырғақты таңдап ал және өлеңнің ырғағына ұйқастың әсер етіп тұрғанына мән бер.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: . «Туған еліме» жаттау. «Туған жер» мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу