Есептеу тәсілдерін қолдануға машықтандыру
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. (130 бет)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Есептеу тәсілдерін қолдануға машықтандыру. Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін өрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.
Дамытушылық: Екі амалмен шығарылатын есепті (артық не кем, қосындыны табу) шығаруды пысықтау.құрылымы күрделі санды өрнектер мен әріпті өрнектермен әр алуан іс-әрекеттер орындауға машықтандыру., ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Қосу және азайту кестесі, геометриялық фигуралар, периметр табу кестесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру: 3–тапсырма
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
.Ауызша және жазбаша есептеулер.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі
Жаңа сабақ.
1 — тапсырма Есептеудің ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Екі бағанын мұғалім басшылығымен орындау , қалғаны өзіндік жұмыс ретінде беру.
83+7 92-2 68+2 74-4 5+85 93-3
83+9 92-9 68+6 74-8 8+85 93-8
2-тапсырма.»биік», «аласа» сөздері – «артық», «кем» сөздерінің баламасы екенін түсіндіру.
Әділет – 12 дм
Марлен — ?, одан 1 дм ұзын
12+1=13 (дм) – Марлен
Ж: Марленнің бойы 13 дм.
Марлен – 13 дм Кері есепте — Нешеге ұзын, нешеге аласа?
Әділет — ?, одан 1 дм аласа
13-1=12 (дм) — Әділет
Ж: Әділеттің бойы 12 дм
4-тапсырма Өрнек құру, мәнін табу.
(52-2)-7
(46+а)+3, а=4
Ауызша есептеулер жүргізу.
5 — тапсырма Барлық мүмкін жағдайлар толық қарастырылады.
1 онд 9 бірл.+1 бірл=2 онд. 2 онд. – 1 бірл. = 1 онд. 9 бірл.
2 онд 9 бірл.+1 бірл=3 онд.
3 онд 9 бірл.+1 бірл=4 онд. Т.с.с.
4 онд 9 бірл.+1 бірл=5 онд.
5 онд 9 бірл.+1 бірл=6 онд.
6 онд 9 бірл.+1 бірл=7 онд.
6-тапсырма Теңдеу құру және шешу. .Математикалық диктант ретінде орындауға болады.
Х+4=31 31-х=4 х-4=27
х=31-4 х=31-4 х=27+4
х=27 х=27 х=31
Шығ.тапсырма.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 3–тапсырма