Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығын аңғарту

Сабақтың   тақырыбы:     340–344  жаттығулар.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                                  Сөз құрамымен  таныстыру. Түбір  мен  қосымшаның  бір-бірінен  айырмашылығын  аңғарту.  Қосымшаның түрлері жалғау  және  жұрнақ. Олардың  өзіндік  белгілері.

Дамытушылық:                       Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөздік  қорын  дамыту,  сөйлеу,  әңгімелеу  дағдысын  жетілдіре  отырып,  мәнерлеп  сөйлеуге,  әдемі  жазуға,  өз  бетінше  жұмыс  орындауға  дағдыландыру.

Тәрбиелік:                      Ұжымда  өзін-өзі  ізгілікке  тәрбиелеуге  дағдыландыру.Зеректікке,  ұқыптылыққа, адалдыққа  баулу. Көркем  жазу  арқылы  әсемдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:                        Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы.

Әдіс-тәсілдері:                           СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:                                Сөйлем  ,  суреттер,  қи мақағазар

 

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу,психологиялық  дайындық.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:.

Білімді жан-жақты  тексеру кезеңі.

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Ереже:  Қосымша  жалғау,  жұрнақ  болып  екіге  бөлінеді.

Сөз  мағынасын  өзгертетін  қосымшаны  жұрнақ  дейміз:  жұмыс – жұмысшы,  ойын – ойыншық.

Сөз  бен  сөзді  байланыстыратын  қосымшаны  жалғау  дейміз:  жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға.

 

 

Жаңа  сабақ.

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру.

  1. жұрнақ пен  жалғауды  бір-бірінен  айыра  алу;
  2. Жұрнақ пен  жалғау  жалғанған  сөзді  қатыстырып  сөйлем  құрау.

 

 

Дәптермен  жұмыс.  Көркем  жазу  сәті

 

———————————————————————

(Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі).

 

340-жаттығу.

Мәтінді  түсініп,  мәнерлеп  оқы.

Қарамен  жазылған  сөздерді  теріп  жаз.  Жұрнақ  пен  жалғауды  тиісті  белгілермен  белгіле.

 

Сирдың,  сазан  балшық,  ойыншық,   күзетші,  күзекке,  досы,  баласы.

 

                      Сөз  түбірін  бөліп  алып,  жаңа  сөз  жасау.

Шаңғымен – шаңғы – шаңғышы

жұмысқа – жұмыс – жұмысшы

балтаны – балта – балташы

оқуым – оқу – оқушы – оқулық  т.с.с.

 

 

 

 

 

 

Сергіту  сәті.    

 

 

Қосымша  жұмыс

ті

Бүркіт                  ші         сый                                         дойбы                          еңбек

ке

пен

тен

ше

 

 

341,  342-жаттығуды  өзіндік  жұмыс  ретінде  орындау.

 

Сыныппен  жұмыс.

 

-шы,  -ші,  -лық,  -лік   қосымшаларын  қосу  арқылы  жаңа  сөз  жаса. Бұл  қандай  қосымшалар?

 

-ды,  -ді,  -ны,  -ні  қосымшаларын  қосу  арқылы  сөздер  жаз.  Бұл  қандай  қосымшалар?

 

      

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

 

Үйге  тапсырма: 343,  344-жаттығу. Ереже  жаттау

 

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау