Сөз таптары
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. 370–374 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз таптары жайлы ұғым: сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы, әр топтың өзіне тән сұрағы.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: «Сөз таптары» картасы, Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
- Заттың атын білдіретін сөздер (Зат есім), сұрақтары, мысалы.
- Заттың қимылын білдіретін сөздер (Етістік), сұрақтары, мысалы.
- Заттың сынын білдіретін сөздер (Сын есім), сұрақтары, мысалы.
- Заттың санын білдіретін сөздер (Сан есім), сұрақтары, мысалы.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
- Сөз таптары жайлы ұғым:
- Сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы
- Әр топтың өзіне тән сұрағы.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
———————————————————————
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
370–жаттығу
- Берілген сөздерді тиісті топ астына жазу.
- Әр топтағы сөз мағынасына мән беру.
Әр сұрақтар тобына мысалдар келтіру.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
————- —————- ————— —————-
————- ————— ————— —————
————- ————— ————— —————
|
371-жаттығумен жұмыс. Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шешуін тап.
Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді тап.
Торы тай,
Табанында төрт ай
Сергіту сәті. Ойын ұйымдастыру. Ребус шешу.
Суреттермен жұмыс.
372 –жаттығу орындалады.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Зат есім
Етістік Сын есім
Сан есім
Үйге тапсырма: 374-жаттығу. Ереже жаттау
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау