Атай. Ә. Дүйсенбиев
Сабақтың тақырыбы: Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды Ә. Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен таныстыру. Өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. «Үлкенге құрмет — кішіге міндет» қағидасының мәнін ұғындыру. Адамгершілік құндылықтарының мағынасын ашу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Оқушыларды Ә. Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен таныстыру.
- Өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жұмбақ.
Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Қырға кілем жайылды.
Гүрілдейді сайда өзен. Қос қанатын иіп ап
Гүлжазира жарасқан Жарға келіп қонады.
Гүлдерімен қай кезең? Қара киім киіп ап
Балшықтан үй соғады.
.Жұмбақтардың шешуі болған сөздерден сөйлемдер құрау.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқу. «Атай» өлеңін мәнерлеп оқу.
Мазмұны мен мағынасын ашу.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Сұрақ, тапсырмаларымен жұмыс.
Суретпен жұмыс.
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Балалар не істеп жүр?
- Ата ше?
- Сурет бойынша әңгіме құра.
- Жұмбақтардың шешуін пайдалан.
Көктемгі еңбек түрлерін ата
«Үлкенге құрмет – кішіге міндет» мақалының мәнін ашу.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.