Өтірік өрге баспайды. Н.Серәлиев.
Сабақтың тақырыбы: Өтірік өрге баспайды. Н.Серәлиев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгімені оқып, мазмұнын түсінуге, өмірмен байланыстыра
отырып, идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: Жүйелі ойлау қаблетін, дүниетанымын кеңейту, тілдік
қорын молайту, проблемалық мәселелерді шеше білу
іскерлігін арттыру.
Тәрбиелік: Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға
жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік
қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау.
Шыншылдыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
В.Сухомлинскийдің «Нағыз адам» атты әңгімесін мазмұндату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Қызығушылығын ояту.
а) Ребус шешу. Ребуста өзен, тіс, өрік, өрмекші, бас, айдың суреттері берілген. Шешімі: «Өтірік өрге баспайды». Мұғалім мақалдың мағынасын түсіндіреді.
ә) Жағдаяттарды шешу.
1-жағдаят. Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»,-деп айтты.
— Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?
2-жағдаят. Анар таңертең бақтағы қызыл-жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Анар «Мен сағат неше болғанан байқамай қалыппын»,-деп айтты.
— Анардың орнында сендер болсаңдар,не айтар едіңдер?
3-жағдаят. Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті.Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол анасына: «Дәріхана жабық тұр екен»,-деп айтты.
— Қуаттың орнында сендер болсаңдар, не деп жауап берер едіңдер?
- Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді оқу.
- Сөздерге түсінік беру.
Жытыру – тығу, жасыру.
Табалау — өш алу, кемшілікті бетке басу.
Октябрят – Кеңес заманындағы бастауыш сынып балаларының ұйымы.
- Сұрақтар мен тапсырмалар.
— Баланың үйіне келе жатқандағы ойы туралы монологын тауып оқы.
— Бір бағаны түзеген оқушыға неше рет өтірік айтуға тура келді?
— «Балалы үйдің ұрлығы жатпайды» деген мәтел әңгіменің қай сәтіне тура келеді?
— Әкесінің «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөзінің мағынасын түсіндір.
— Жаман баға алған бала мен Балтаның достығы қалай жалғаспақ?
- Нақыл сөз бен мақалдың мағынасын ашу. Дәптерге жазу.
Шындықты мойындағаннан ешкім де аласарып қалмайды.
Ә.Кекілбаев.
Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңілді қайтқызады.
IҮ.Сабақты бекіту.
Мақалды жалғастырып оқыңдар.
а) Шын — бір сөз, өтірік — … . (мың сөз)
ә) Сыр айтқанға сенбе, Шын айтқанға… (сен)
б) Өтірік өрге… . (баспайды)
в) Біреу әзіл айтса, сен … айт. (әділ)
г) Шындық бәрінен де … . (қымбат)
V.Үйге тапсырма беру.
Әңгімені түсініп оқу. Өз беттерінше жалғастыру.
VІ. Сабақты қорытындылау.
— Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатенді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет — адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер, не түйдіңдер?
ҮІІ. Бағалау.