Пысықтау
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есепті әртүрлі тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру;
үш таңбалы сандармен жазбаша есептеуге қатысты білімдерін
пысықтау.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тірек білімдерін,
есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Іздендіру, сұрақ-жауап, есептер шығару.
Көрнекілігі: Үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
— Қане, достым, сабаққа дайынсың ба?
— Кітап, дәптер, қаламың бәрі бар ма?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Тірек білімдерін жетілдіру.
«Есіктің кілтін тап» ойынын өткізуге де болады.
Ойынның мақсаты: Есептеу дағдыларын бекіту.
Тақтада 7 есіктің суреті салынған. Олардың әрқайсысында мынадай өрнектер жазылған: 300 ∙ 2, 900 : 3, 800 : 2, 100 ∙ 8, 100 : 2, 700 : 7, 400 : 100. Оның қасында жауаптары бар кілттердің суреті бар: 50, 400, 600, 4, 300, 100, 800.
Балалар қажетті кілтті табады.
- Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма. Ауызша есептеу.
1000−80∙4═680 800−90∙3═530 700−60∙2═580
№2 тапсырма. Әртүрлі тәсілмен есептеу.
(6+4)∙30═6∙30+4∙30═300 (60+40)∙5═60∙5+40∙5═500
(8+2)∙50═8∙50+2∙50═500 (70+30)∙8═70∙8+30∙8═800
(90+10)∙7═90∙7+10∙7═700 (20+30)∙5═20∙5+30∙5═250
4∙(30+20)═4∙30+4∙20═200 20∙(8+2)═20∙8+20∙2═200
20∙(10+40)═20∙10+20∙40═1000
№3 тапсырма. Тіктөртбұрыш сызу. Периметрлерін әртүрлі тәсілмен табу.
2см және 4см 1см және 7см
Р═2∙2+4∙2═12(см) Р═1∙2+7∙2═16(см)
Р═(2+4)∙2═12(см) Р═(1+7)∙2═16(см)
№4 тапсырма. Есептерді әртүрлі тәсілмен есептеу.
а) Әр топта – 10бала ж 20ересек Ш: 1-т: (10+20)∙9═270
9 топта – ? адам 2-т: 10∙9+20∙9═270
Ж: 270 адам барады.
а) 1 күнде – 50ақ нан ж 20қара нан Ш: 1-т: (50+20)∙7═490
1 аптада – ? нан 2-т: 50∙7+20∙7═490
Ж: 490 бөлке қара және ақ нан.
№5 тапсырма. Кестені пайдаланып, дұрыс теңдіктер мен теңсіздіктер
құрастыру.
320:4═400:5 120+203>450−350
100∙3═900:3 900−650>40∙3
№7 тапсырма. Фигуралар неше тең бөлікке бөлінді? Бір үлесті қалай атайды? Фигуралардың қандай бөлігі боялған, қандай бөлігі боялмаған?
ІҮ. Сабақты бекіту.
Бекіту үшін №8 шығармашылық тапсырма орындалады.
Ү. Үйге тапсырма беру.
№6 тапсырма. 20бет.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта не жұмыс жасадыңдар?
- Нелер қиындық туғызды?
ҮІІ. Бағалау.