Әр құстың өз тұмсығы қажет
Сабақтың тақырыбы: Әр құстың өз тұмсығы қажет
Сабақтың мақсаты : 1.Құстардың тұмсығының ерекшеліктерімен таныстыру және олар үшін
тұмсықтарының қорегін аулау үшін маңызы зор екенін түсіндіру
- Сөздік қорын артыру, сөйлеу тілін дамыту . Құстар жөніндегі танымдық
білімін дамыту.
- Оқушыларды құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Құстардың суреті , схема , қиылған құс суреті .
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , оқу, жұмбақ шешу, сұрақ -жауап.
Сабақтың жүрісі :
Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі .
Оқушылардың оқу өқұралдарын шығарып , үй тапсырмасын тексеру.
ӀӀ . Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларға сабақтың жүрісі туралы түсіндіріп өтемін .
- Біз оқып отырған бөлім қалай аталады?
- Жануарлар тіршілігі
- Схема арқылы құстар туралы түсіндіріп өту .
Зиянкестермен күреседі
құстар |
Еті, жұмыртқасы құрт-құмырсқамен қоректенеді
мамығы
Жұп құрып, ұя салып,
жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді
үй құстары жабайы құстар
- Құстардың жойылып бара жатқан түрін қызыл кітапқа енгізеді және оларды арнайы қорықтарға қорғауға алып , санын молайтады. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген .
- Тапсырм
Өткен сабақты қайталау барысында тест сұрақтарына жауап аламын.
Тест сұрақтары
- Жануарлар неше топқа бөлінеді
а) 4
ә)2
б) 6
- Сүтқоректі жануарлар деп неге атайды ?
а) төлдерін үнемі қасына ертіп жүреді
ә)Олар төлдерін емізіп , сүтпен асырайды
б) Далада жүретін болғандықтан
- Бунақденелілерді тап
а) балық, бақа
ә)қасқыр , ит, түйе
б) балара, көбелек, шыбын
- Қосмекенді сөзі қандай ұғымды білдіреді?
а Суда жүзеді
ә)Екі мекені бар
б) құрлықта жүреді
- «жыртқыштар» деп қандай жануарларды айтамыз?
а) Жануарларды тірілей ұстап жейтін
ә)өлекселерді жейтін
б) құрт-құмырсқамен қоректенетін
ӀӀ-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқып мазұмынын түсіну. Оқушыларға оқыту . «Бейімділік» сөзіне түсінік беру.
Бейімділік-
ӀӀӀ-тапсырма «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы екі қатар жұмбақтар айтып, шешімін табу.
ӀV-тапсырма «Бұл қай құс» ойыны. Онда конверттің ішінде қиылған құс бөлшегін құрастырып , сол құс туралы айту және мақал айту. Мысалы: Аққу- киелі құс . Ол суда жүзеді Мақал: Аққуды атпа, досыңды сатпа.
V-тапсырма
Тоқылдақ пен бірқазан , бүркіттің ортақ қасиеттерімен , айырмашылықтарын айту.